ВЕРНУТЬСЯ

Түтіндер, түтіндер, түтіндер...

Түтінге көмілді бүтін жер,

Түтіндер, көктің көк шудасын

Түтіндер, түтіңдер, түтіндер.

Түтіндер тайлақтай тайрақтап,

Аспанға асығып барады,

Көңілге көк түтек ой қаптап,

Түтіндер нені еске салады?!

Түтінсіз жатыпты сахарам,

Таз қыздың басындай тұп - тұлдыр,

Түтіннің исінен шошыған

Ыс емес уды сен жұттың, қыр.

Түтіннен қашатын бабамыз,

Ыс қылған үйінің киізін.

Жаттың ғой тап - таза, даламыз,

Қайда әлгі шығатын мүйізің?

Көсіліп шаба алмай көкті өрлеп,

Көк тұлпар тұрыпты белдеуде,

Өкініш түтіндей кеп - кермек

Кернейді енді еске келгенде.

Сахарам, мен, міне, келемін

Төсіңде сауық қып, сайрандап,

Зауыттың көрсем көк желегін

Қараймын қайран қап,

Болат боп балқыған,

Жалын боп шалқыған,

Басқа бір заманның ұлымын.

Кешегі жетімек сахарам

Шалқайып сорады шылымын.

Түтіндер, түтіндер, түтіндер...

Түтінге көңілді бүтін жер,

Түтіндер кектің көк шудасын

Түтіндер, түтіңдер, түтіңдер.

                                          1963.