Ашу келсе, тұрғызбас,
Артыңа мойын бұрғызбас.
Көрінеу отқа салады,
Орынды жұмыс
қылғызбас.
қылғызбас.
Ыза керсе бойыңды.
Ойлатпайды ойыңды.
Басқызып алсаң,
пайда жоқ,
пайда жоқ,
Батпаннан
ауыр шойынды.
ауыр шойынды.
Ашумен қылған
іс емес,
іс емес,
Қайрат та емес, күш емес.
Ашуына билеткен,
Ақылы түзу кісі емес.
Пішінің кетер қуарып,
Аузың, ернің ұзарып.
Тышатұғын
баладай
баладай
Екі көзің қызарып.
Қабаған иттей арсылдап,
Дуанадай қалшылдап,
Ыза қылған кісінің.
Соңынан
қалмай жалпылдап...
қалмай жалпылдап...
Осыдан пайда
не шықты?
не шықты?
Mac күнінде нені ұқты?
Ақылға салып ойлашы,
Мұнымен болар кім мықты?
Буындырмай өзіңді,
Бұлтитпай-ақ көзіңді,
Ойланып айтсаң болмай ма
Керекті ғана сөзіңді?
Бойды ашуға билетпе,
Басынан жаман үйретпе.
Адырайып, аптығып,
Бір жеріңді
күйретпе.
күйретпе.
Билеп алсаң ашуды,
Пайдасыз істен қашуды,-
Сонда
әдемі байқарсың
әдемі байқарсың
Аяқты қалай басуды.
Ашусыз адам болмайды,
Ескеру керек ондайды.
Қапы өткізбей кайырып
Алмағандар оңбайды.
Еріншек, ашу, құмарлық -
Бұларды істен
шығардық.
шығардық.
Жамандықтың басы осы,
Кісі болса ұғарлық...
- 272 просмотра