ВЕРНУТЬСЯ

     Түркістан. Тұран. Бір кезде тұлғалы мекен,

Тұнығындай қайнардың мұңданып өтем.

Туған жерге деген бүл махаббатпен

Мың жыл бұрын біз неге тумадық екен?!

Топырлап
шығып, төгілді сөз қанша мұнда?

Тұтанса сезім, шашырар кезден шоғың да.

Бөтен боп кете жаздаған ақбөкен ұрпақ

Табиғаттың кездесті тозған шағында.

Намысы қайсар қандастар, тілдері майда,

Айта алар кім бар армансыз жүргенін ойда?

Ұлыы
газалдар жазатын ұлы шайырлар
жоқ.

Дадамыз - қорқыт. Даланың күйлері қайда?

Көңліміз таза бұйымдай аз-ақ ұсталған,

Өлтірмейтін адамды - ғажап ішкі арман.

Тағдырдың желі әкеткен өздеріңді іздеп,

Мың жылдан кейін келдік біз Қазақстаннан.