ВЕРНУТЬСЯ

 
   Жалғанда кім бар бүтін арманы? 
Байғұсты, бәлкім, шүкір алдады.
Қашатын мылқау, құса тірліктен
Өз еркімен еш құтыла алмады.
Солды дедік біз сезінсе гүлді.
Өзекті жансың-өзіңше мұңды.
Шошындым сенсең, кеңістіктен де,
Құбылып дүние, көзіңше күлді.
Аяқ басамын - 
жар-құз, мың ағын.
Сынған көңілді әр күз құрадым.
Сәулесіне малданып осы өлеңнің
Жалғаннан жарық таппай
жалғызсырадым...