ВЕРНУТЬСЯ

      Жанартау шылым шекпей ме?
Жартастар кейде шөкпей ме?
Самғаған жүйрік беткейде
Сүрініп кейде кетпей ме?
Қанаты құстың
талмай ма?
Қиядан көңілі қалмай ма?
Дария тулап таспай ма?
Адамдар кейде аспай ма?
Бүлдіршін көзін сүзбей ме?
Буыршын бұйда
үзбей ме?
Ұқпаймыз соны біз кейде!