ВЕРНУТЬСЯ

         Бөсер
Тілі қышыған
Жүр сонымен күн
көріп.
-        Тұмсығының
ұшынан
Атып алдым бір
бөрі.-
Айтады ол
ондайды
Екі беті бүлк
етпей!
Көңілі бір
толмайды
Құрбыларын
күлкі етпей.
-        Қасқыр, сірә, өлген бе
Тұмсығынан оқ тиіп?! -
Жеме-жемге
келгенде
Ол тірелер жоқ тұйық.
Сөзді әзілмен
бөлгенде
Сондай өзім тұшынам.
-        Аттым,
Жаны келгенде
Тұмсығының
ұшына!