ВЕРНУТЬСЯ

Ескек жел бар, қоңыр жел бар,
Желдін де көп түр-түсі.
Біледі оны
жолдар, жолдар.
Жер бетінің
қыртысы.
Сары сайтан демес пе оны
Күзгі жамбы жапырақ?
Теңер
жасыл елеске оны
Көктемеде
атырап.
Теңіз айтар: сенбе желге,
Желден дауыл тұрады.
«Сиқыр бар
деп сенде нендей.
Бұлт та
неше сұрады.
Жел ойнақтап
жүре берді,
Жері кайда, елі кім?
Өмір, өлім
бірге ерді.
Бірге көрді желігін.
Сол желікті басады адам.
Сүйем таңнын
желін мен.
Көкірегімді тосам оған,
Семіремін
лебінен.
Лебін сезу өз
алдына,
Көргендеймін
келбетін.
Ару боп ол
көз ұшында
Аймалайды ер бетін.
Сыбырлайды, сыр айтады.
Таңмен, күнмен,
түнімен.
Қуантады, мұңайтады,
Жыр жұтамын
тілінен.
Сайраңдасып
самал сұлу,
Сықырласып
ол мені,
Тәтті дауыл
тамам сұлу,
Сұлу деп кім өлмеді!
Қатері де бір-ақ
сөз-ау,
Деме желге «есерсің».
Әттең, әттең, тұрақсыздан.
Оны калай
кешерсін?!
19 66