ВЕРНУТЬСЯ

Асау тайдай тулайды екен жер кейде,Білмен бірақ ол да аптығып, терлей ме.Сауырынан ұстатпайтын тұлпардыңТізгініне жармасқандай ел бейне. Жыртылғанда тігісінен қақырап,Балағына қан тамшылар шашырапАзан-қазан зар илеген жандардыЖұтады екен жүздеп, мыңдап атырап. О, құдірет!Болады екен мұндай да,Жасалмайды екен оған бір де айла.Жазыла ма оның салған жарасы,Ол ағызған көздің жасы құрғай ма?!Жердің өзі сыртқа тепкен тастандыЖетімдердің зарын әлем жастанды.Кіндік қаны тамған жерді құшақтапЖоқ болды адам тітірентіп аспанды. Сілкінді Жер!Тулады ол тым қатты,Қалыптасқан бұзып әсем ырғақты.Ерен апат адамдарды уыстап,Құшағына алды қала, гүл бақты. Айбат  шегіп, сескендіріп, сазармай,Бар аймаққа айтып келген ажалдайЖер сілкінді қопарылып тереңнен,Топырақты қайнатқан бір қазандай.Келсе-дағы, келмесе де ұғынған,Еске салып қысқалығын ғұмырдың:«Не қалдырды, - деп, Жер-ана тұрғандай,-Ертеңнің еншісіне бүгінгінің?!» Жазиралы, дархан, әсем жай құттыБолған мына Жерден адам қаймықты.«Ысырап еттің, - деп, Жер-ана тұрғандай,-Қолдарыңа берген қазына, байлықты!» Өтей алмай қарыз бенен парыздыЖүргендерге қатты ауырып жан ізгі.Ыза-кектен қалшылдаған Жер-анаҰстай алмай қалған өзін тәрізді...