ВЕРНУТЬСЯ

     I

    Жеті жасар баласын

Жетпісте шал жетектеп,

Келе жатыр көшеде:

«Қайда әлгі мектеп?» - деп.

Жетпіс келед сүрініп,

Жеті келед жүгіріп.

 

     II

     - Балам, балам, жақсы бол,

Міне сенің мектебің.

Сабағыңа зейін сал,

Ақылды бол, тентегім, -

Деп бір жетпіс күрсінді,

Жеті нені түсінді?

 

      III

      Келіп жетті мектепке,

Жамырады жас өмір.

Келер
заман шуындай

Сонда естілді бір дүбір.

Жеті кетті жүгіріп,

Жетпіс қалды үңіліп.