ВЕРНУТЬСЯ

      Жоқ мұнда
Ешқандай
Әжуа,
Кекесін.
Жаңалық ашқандай
Болмайық,
Көкешім!
Болмайды!
Болмайды!
Болмайды!
Болмайды!
Өзің де білесің
Ондайды,
Мұндайды.
Өрістен Ертерек
Қайтуға
болмайды!
Артық сөз
Еркелеп
Айтуға болмайды!
Тас болып
жатқанды
Қазуға болмайды.
Жаныңа батқанды
Жазуға болмайды!
Шарапты, әрине,
Ішуге болмайды.
Пәлесі бар үйге
Түсуге болмайды.
Оқырман кітапты
Жағуға болмайды.
Отырған бұтақты
Шабуға болмайды.
Дүние-мүлікті
Шашуға болмайды
Қыздардан
қылықты
Қашуға болмайды.
Жұмысқа
Кешігіп
Келуге болмайды.
Біреуге өшігіп
Өлуге болмайды!
Болмайды!
Болмайды!
Болмайды!
Болмайды!
Ақылға
Құлағын
Түрмеген
оңбайды!
Құлаққа жақпайтын
Сөз миға
қонбайды.
Адамды сақтайтын
Осы бір
"Болмайды!"