ВЕРНУТЬСЯ

            I 

            Колхоздас екеуі
де өрімдей жас,

Егіздей бірге
туған - түйедей құрдас.

Екеуі ес
білгеннен бірге ойнаған.

Ең алғаш мектепке
де бірге барған.

Бірінің аты -
Дастан, бірі - Айбала

Жүретін егіздей
боп тату ғана.

Сондағы бірге
отырған парталары

Тозған жоқ, сол
орнында тұрады әлі.

Салмақты болды
Дастан, әрі аңғарғыш,

Момақан, үлкендердің
тілін алғыш.

Тек қана
ұялшақтық мінезі бар,

Емес-ті сол
себепті сөзге құмар.

Сабағын қанша
жақсы білсе де ол,

Жауапқа
сұранбайтын көтеріп қол.

Түрткіштеп сондай
кездер Айбала қыз.

Доскеге шығаратын
оны еріксіз.

Достығын,
қамқорлығыи Айбаланың

Жақсылық оған
дайым ойлағанын

Сезсе де, сүйсінсе
де оған іші

Келмейтін
өзгелерге білдіргісі

Сол үшін ұстап
аулақ өзін кілең

Қашатын
құрбылардың әзілінен.

Пысық қыз бұл
қылығын тез аңғарып,

Дастанға
соқтығатын өзі барып.

Әдетте жігіт
қашса қыз қумайтын,

Әдепке жататұғын
елдің салтын

Айбала біле тұрып
мұнша неге,

Қаймықпай ілінем
деп әңгімеге,

Дастаннан
айрылмайды жұрт көзінше?

Ойлаған бір
нәрсені о да өзінше:

Қайтсе де
мінезінен ұялшақтық

Дастанын алмақ
еді әбден аршып.

«Дастанын»
дегеніме таңданбаймыз,

Кінәлі мен
емеспін оған жалғыз.

Білгір қыз жас
жігіттің кейде ұрланып

Жалт етіп қарауынан
құмарланып

Танитын, ұнататын
сол бір кезін,

Өзі де қалатұғын
қадап көзін.

Жалғыз-ақ
ұялшақтық бөгесін боп,

Жігітке сырын әлі
айтқызған жоқ.

Жыл еді, ұлы
соғыс аяқталар,

Жап-жақсы он
жылдықты бітірді олар.

Қуаныш дуылдатты
мектепті бір

Той болып ауғанша
түн қызды дүбір.

Ән айтты,
шаршағанша биледі де,

Таң ата қайтты
жастар үйлеріне.

Айбала
Дастанменен бірге кетті

Бұлар да
келешекті әңгіме етті.

- Барасың, енді,
Дастан, қай мектепке,

Тағы да бір
болайық шықсақ шетке?

- Кетпеймін еш
жаққа да мен ауылдан

Еңбекке араласам
енді жылдам.

Қайтқанша
ер-азамат майдандағы

Оқудың тоқтан
тұрар жетті шағы,-

Деген сөз әрі қысқа,
әрі ұғымды

Недәуір Айбаланы
толқындырды.

II

Жігітке желік
қосар аттың үсті,

Етеді белін
берік, қолын күшті.

Жүйріктің
шабысына дағдыланып,

Қияға ұшқыр қиял
ұшады алып.

Керемет кеудеңе
күй жиылады,

Жаныңа жақсы
сезім құйылады.

Келеді әнші
болғың сондайда бір

Қинайды шыға қоймай
даусы құрғыр.

Шыққалы жылқышы
боп еңбекке арнап

Жүйрікке мінді
Дастан неше садақ.

Үздіксіз үш жыл ұдай
жылқы бақты,

Тотығып ақшыл
беті күрең тартты.

Жазда ыстық
тамылжыған, қыста үскірік

Темірдей өзін
әбден шынықтырып,

Саналып жігіттердің
көріктісі,

Топ-толық
кәдімгідей болды кісі.

Адамдай тәжрибелі
тартқан көксе,

Ұқыпты шаруаға да
болды ерекше.

Байқағыш: күн
райын, өріс жайын...

Жоқтайды, түстеп
танып әрбір тайын.

Туғанын қай құлынның
қандай күнде

Тізілген
тәптештеле дәптерінде.

Қалайша, қай
кеселден емделгенін

Ерінбей солардың
да жазған кебін.

Кей кезде жүріп
түнде күзетінде

Жай ғана ыңырсыса
ат үстінде

Әдемі сырлы
ырғақпен шығып әні

Жеп-жеңіл ұйқасады
ойға алғаны.

Сол шақта жылы ұшырап
аспаннан ай,

Көрініп қарап
турған Айбаладай -

Жүрегі соғып
қатты алқынады,

Ұшам деп жастық
жаны талпынады.

Бірақ ол осы биыл
жаз шыққалы,

Көріспей
Айбаламен келеді әлі.

Егіске бұрынғыдай
іздеп барып,

Кемітті қайтуды
да сусынданып.

Тек қана оңашада
шаршағанда,

Отырып Айбаласын
аңсағанда,

Суретін газеттегі
қолына алып

Қарайды соған ұзақ
құмарланып.

1950

 

Па шіркін, бұл не
қылған бақытты қыз!

Тағулы кеудесінде
Алтын жұлдыз.

Арналған Айбалаға
әніменен

Ақындар жалындата
жазыпты өлең.

Осының байқап
бәрін жас жылқышы

Бір емес,
әлденеше қуанды іші.

Әйтсе де даңқы
шыққан Айбаланы

Көруге қазір
жігіт қорғанады.

Жылқыдан бір
жабағы алдырмаған

Я боран, я бөріге
шалдырмаған.

Тайсалмас атқан
оқтан жүректі жас

Именіп өскен
бірге кыздан құрдас.

Ұялып тілдесуге,
сырттай қашып

Болды екен неге
шіркін мұнша жасық!

Сөйлесіп
басшылармен келісті де

Оқуға ол
жүретұғын болды ілезде.

III

- Кетпексін мені
тастап қайда ұрланып,

Оқимыз демеп пе
едік бірге барып?

Мен сені күтіп
келсем осыншалық

Менсіз-ақ бел
байлапсың, кетуге анық -

Деп бастап ойнақы
қыз жұрт ішінде

Кұлпыртып әсем
үнін, күлкісін де

Дастанға әзілдей
кеп әлек салды,

Жас жігіт бір
қызарды, бір сұрланды.

Көзіне көзі түсіп
кеткенінде

Лып ете қалды
қаны беттерінде.

Жүзінде Айбаланың
өзгеріс жоқ,

Маздап тұр қара
көзі мөп-мөлдір боп.

Жарқындық,
жайдарлық сөзіндегі

Қалпында оқып
жүрген кезіндегі.

Сондағы
мейрімімен көзін тігіп,

Өзіне қарайтынын
сезді жігіт...

1950