Қағып өтті
қанатын
қанатын
Неше көктем,
Неше күз!
Ұмытқам жоқ:
Болатын
Ұрқия атты шешеміз.
Кешегідей күн өзі
Көз алдыма келеді.
Жарықтықтың мінезі
Көл еді де шөл еді.
Ұстағанда таяғын
Үлкендер де бұғатын.
Бүкіл ауыл аяғын
Бір етікке тығатын.
- Үй шаруасын істеуге
Қыры жоқты ұшықта!-
Көзіне оның
түспеуге
түспеуге
Тырысатын мысық та.
Келмей ісі қырына
Күйінсе ол кенеттен,
Күркесіне кіріп ап,
Көрінбейтін төбет
те!
те!
Келіндері
ығатын,
ығатын,
Күтіп оның тоқтауын.
Кейде тығып қоятын
Көсеуі мен оқтауын!
Көрінгенді
көзіне
көзіне
Жібермейді
тілдемей.
тілдемей.
Нағашымның өзі де
Құтылатын үндемей.
Ұстағанда қырсығы,
Ұстайтын жұрт жағасын.
Қайнағасы
қысылып,
қысылып,
Көрсетпейтін
қарасын.
қарасын.
Жанартаудай
жанатын
жанатын
Жалынымды көрші
деп,..
деп,..
Жауып-жауып алатын
Есіктерін көршілер.
Кім болсаң да
Бейуақта
Бейуақта
Керегі жоқ ұрынып,
Келе жатқан
қонақ та
қонақ та
Кетуші еді бұрылып.
Борандатқан қыратта
Бәрін көрдік кеше біз.
Шалқар еді бірақ та
Шайпау мінез шешеміз.
Жүргенде де сайысып,
Зіл болмайтын артында.
Шайқастан соң Шай ішіп,
Отыратын жарқылдап!
- 130 просмотров