Орал қаласының және БҚО жаңалықтары

БҚО-да педофилдердің құрбаны болған балалар көбейген

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық көрсету бойынша 31 дерек тіркелген. Ал соңғы 5 жылда мұндай қылмыстар саны 4 есеге көбейді. Бұл туралы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау ісі талқыланған жиында айтылды.

Энергетика министрі Қ.Бозымбаев Бөрлі ауданында болды

Бүгін Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев өңір басшысы Алтай Көлгіновпен бірге Бөрлі ауданында болды.

Министр алдымен «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» («ҚПО б.в.») компаниясына ат басын тіреді. Онда компанияның бас директоры Ринато Мароли Қарашығанақ кенішін игеруге бағытталған жобалар жөнінде айтып берді.

Батыс Қазақстанда атақты әнші-композитор Мұхит Мерәліұлының 175 жылдығы кең көлемде аталып өтілмек

Батыс Қазақстан облысында биыл халық композиторы, ақиық әнші Мұхит Мерәліұлының (1841-1918) 175 жылдығы кеңінен аталып өтілмекші.

БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, мерейтой аясында «Сары дала сағынышы - сал Мұхит» атты республикалық әншілер байқауы ұйымдастырылмақшы. Сонымен қатар БҚО қазақ драма театры «Ән Мұхит» спектаклін қоюды ойластыруда.

Батысқазақстандықтар жасанды қиыршық тас өндіретін шағын зауыт құрылысын қолға алмақ (ФОТО)

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің оқу-өндірістік орталығында жасанды қиыршық тас жобасының шағын өндірістік желісі іске қосылды.

Қазақстандық М.Мұқашев пара-таэквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Манила қаласында (Филиппины) пара-таэквондодан Азия чемпионатында батысқазақстандық Мәлік Мұқашев табысты өнер көрсетті.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағанындай, М.Мұқашев 75 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды. Спортшының бапкері - Ербол Мерғалиев.

Еске сала кетейік, Мәлік Мұқашев пара-таэквондодан өткен жылғы Еуропа біріншілігінде де үшінші орынды иеленген болатын.

Беттер

Subscribe to RSS - Орал қаласының және БҚО жаңалықтары