Орал қаласының және БҚО жаңалықтары

Батыс Қазақстан тұрғыны киік мүйізі үшін 11 млн теңге өндіреді

Қазталов аудандық сотының 11 қазан күнгі үкімімен М. деген тұрғын ҚР ҚК 339-бабына сәйкес айыпты деп танылып, 1,6 жылға бас бостандығы шектелді. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

Оған қоса БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының талап-арызы толықтай қанағаттандырылып, аталған азаматтан мемлекет пайдасына 11 млн-нан астам теңге өндіріледі.

БҚО аудандарының бірінде рекордты көлемде астық жиналды

Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданы тұрғындары егін науқанын табысты аяқтады.

Көңілдері тоқ, қамбасы дәнге толған шаруалар аудан күнін атап өтті. Мерекені тамашалауға Ресейдің көршілес облыстарынан да қонақтар келді. 

Оралда «Болашақ» қауымдастығының ұйымдастыруымен велошеру өткізілді

 Бүгін ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оралда "Bolashak Bike Ride" атты велошеру өткізілді.

Шалқыма ҚҰРМАНАЛИНА: «Әжем мені «Бір өзі он ұлға татитын қыз» деп еркелететін»

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Шалқыма Хайроллақызы Құрманалина педагогикалық еңбек жолын лаборанттық қызметтен бастап, оқытушы, директордың орынбасары, колледж директорына дейін көтерілген. Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж ұжымын білікті маман дайындауда  нәтижеге бағытталған білім мен тәрбиелеу жолдарын жоғары деңгейде  ұйымдастырған, республика көлеміне танымал ғалым-әдіскер, қоғам қайраткері.

Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстары ынтымақтастық аясын кеңейте түспек (ФОТО)

 Бүгін Маңғыстау өңірінде Батыс Қазақстан облысының күндері өтуде.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өңірлер арасындағы байланысты орнықтыру туралы тапсырмасына сәйкес өтіп жатқан шара аясында қос облыстың делегациясы кездесіп, өзара тиімді ынтымақтастықты жетілдіру жолдарын талқылады.

Беттер

Subscribe to RSS - Орал қаласының және БҚО жаңалықтары