Орал қаласының және БҚО жаңалықтары

Денис Тенді өлтірді деген күдікті өз қылмысын мойындады

Алматы прокуроры Берік Жүйріктаев Денис Тенді өлтірді деген күдіктінің есімін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, ол қылмысын мойындады. Ұсталған күдіктінің аты-жөні - Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы. Күдікті 1994 жылы дүниеге келген, Жамбыл облысының тумасы. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Қайын атасы мен енесін атып өлтірген оралдықтың ісі сотта қаралып жатыр

Оралда қайын атасы мен енесін атып өлтірді деп айыпталған Рустам Давлетшинге қатысты сот отырысы басталды.

Айыпталушы соттан бас тартып, өзіне алқа билердің үкім кесуін сұрады. Ал марқұмдардың туыстары қылмыскерге ауыр жаза беруді талап етіп отыр. Алғашқы сот отырысынан оралған тілші материалында толығырақ.

Еркін Карин, тілші:

Оралда 221 қару балқытылды

Орал қаласындағы арматура зауытында 221 қару жойылды.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 197 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 15 газды тапанша, 3 травматикалық тапанша, 6 шолақ мылтық балқытылды. Сонымен қатар 6 электрошокер, 3 пышақ, 1 оқдәрі қорабы және ИЖ-43 аңшы мылтығының 2 тетігі құрдымға кетті. Бұлар тәркіленген, табылған, сондай-ақ тұрғындар өз еркімен тапсырған қарулар еді. Пеште балқытылған қарудан 240 кг металл алынды. Айта кетейік, мұндай шара тоқсан сайын өткізіледі.

Оралда Отан қорғаушылар күнін Ұлттық ұлан жауынгерлері атап өтті

Оралдағы 5517-әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай мерекелік шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ашық есік» күніне Екінші дүниежүзілік және тәжік-ауған соғысының ардагерлері, ішкі істер органдарының қызметкерлері, оқушылар, Орал гарнизоны және «Батыс» өңірлік қолбасшылығы мен 5517-әскери бөлімінің Ұлттық ұлан жауынгерлері қатысты.

Оралда мерекелік шеруге дайындық кезінде оқушылар жаппай есінен танып құлады

Осылайша мектепте білім алудың орнына, қара көбейту үшін алаңға әкелінген жеті бала жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілді, хабарлайды КТК телеарнасы.

Беттер

Subscribe to RSS - Орал қаласының және БҚО жаңалықтары