Орал қаласының және БҚО жаңалықтары

Оралда жаппай төбелестен бір адам көз жұмды

Оралда жаппай төбелес болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 24 тамыз күні түнде «Виктория» қонақүйі жанында болған.

Ер адамдардың екі тобы жол бойында ішімдік ішіп тұрған. Олардың бірінде 19 жастағы – екі, 21 жастағы бір жігіт болған. Екінші ересектеу топта күдікті ретінде қамауға алынған 32 жастағы ер адам болған.

БҚО-да 9 жасар бала токқа соғылып, ауруханаға түсті

Батыс Қазақстан облысында 9 жасар бала токқа соғылып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақжайық ауданы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше кешкісін аудан орталығы Чапаев ауылында орын алды.  Сағат 19.00-дер шамасында үш бала ойнап жүріп, трансформатор тұрған нысанға кірген. Сол кезде 2010 жылғы бала токқа соғылып қалған.

Осы оқиға бойынша материал аудандық полиция бөліміне беріліп, тексерілуде.

Мәжіліс депутаты БҚО-да «SunkarSmartSity» жобасының жұмысын қадағалады

Бүгін Мәжіліс депутаты Сәкен Қаныбеков жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Депутат аудандағы атқарылып жатырған жұмыстармен танысып, тұрғындармен кездесіп,  бірқатар өндіріс нысандарын аралады.

Оралда тұрғын үйдің шатыры құлады

Оралда тұрғын үйдің шатыры құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық ТЖД кезекші бөліміне таңғы сағат 06.30-да Мұхит көшесіндегі 124/2 үйдің төбесі құлағаны жөнінде хабар келіп түскен.

Бұл мезгілде үйде 12 адам болған. Құтқарушылар олардың бәрін жедел эвакуациялады. Ешкім зардап шекпеген.

Аталмыш 12 бөлмелі үй барак түрінде 1978 жылы салынған.

Бастапқы мәлімет бойынша шатыр үздіксіз жауған қардың салмағын көтере алмай, опырылған.

Оралдық газ жеткізуші компания сотта монополияға қарсы мекемені жеңді

Оралдық мекемелерге сұйытылған газды түрлі бағамен сатты деп айыпталған газ жеткізуші мекеме монополияға қарсы өңірлік департаментті сотта жеңіп шықты. Құзырлы мекеменің дерегінше, бұл компания жергілікті нарықтағы мол мүмкіндігін пайдаланып, газ бағасын түрліше белгілеген. Осылайша көгілдір отынды тұтынушыларға түрлі бағамен сатыпты. Мұның заңға қайшы екендігін айтқан монополияға қарсы облыстық департамент сотқа шағымданған. Дауға ара түскен кәсіпкерлер палатасы газ бағасының бір күнде емес, араға уақыт салып, әрі өндіруші компанияның бағасымен өзгергенін анықтапты.

Беттер

Subscribe to RSS - Орал қаласының және БҚО жаңалықтары