Орал қаласының және БҚО жаңалықтары

Батыс Қазақстан облысында су ресурстарын игеру жобасы жүзеге асырылып жатыр

Жайықтың суын облыстың оңтүстік-батысындағы Қараөзенге жеткізу арқылы жыл сайын Саратов облысынан келетін су көлемін 30%-ға дейін төмендетуге, яғни көрші елге тәуелділікті азайтуға болады.

Бұған дейін жалпы ұзындығы 161 шақырымдық Киров-Шежін арнасы тазаланса, биыл жобаның үшінші кезеңінде жаңадан 20 шақырымдық канал қазу жұмыстары жүріп жатыр.

ДАУЫЛДЫ АЛДЫН - АЛА ЕСКЕРТУ

«Қазгидромет» РМК-ның БҚО филиалының мәліметі бойынша 2017 жылғы 5 мамырда Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 17-22 м/с-ке дейін күшеюі күтіледі.

Орал қаласында 5 мамырда солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 18 м/с-ке дейін күшеюі күтіледі.

Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу іс-шаралары жүргізілсін, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілсін.

Оралдың «Грация-KZ» командасы халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Оралдың «Грация-KZ» командасы Оңтүстік Қазақстан облысы «Сарыағаш» курорттық кешені аумағындағы «Ақбұлақ» шипажайында 2002-2003 жылғы қыздар арасында волейболдан өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Команданың бас бапкері Көлеңке Ғұбашевтің айтуынша, аталмыш жарысқа Хорезм, Ферғана (Өзбекстан), Ош (Қырғызстан), Өскемен, Талдықорған, Шымкент, Орал және Сарыағаштан командалар қатысып, бақ сынады.

БҚО-да 90 млн теңгеге екі көпір салынды

Батыс Қазақстан облысында қос бірдей көпір пайдалануға берілді.

Енді Садовое мен Зеленое ауылдарының халқы Шаған өзенінің екі жағалауына еркін қатынайды. Қос нысанның құрылысына жергілікті бюджеттен 90 млн теңге қаржы жұмсалған.

Батыс Қазақстанның емханаларына дәрігерлер жетіспейді

Биыл Батыс Қазақстан облысында дәрігерлер тапшы.

Емханаларға 55 маман жетіспейді. Әсіресе, педиатор, акушер-гинеколог, кардиолог, гастроэнтеролог дәрігері аз. Сондықтан жас түлектің жағдайын жасап, жергілікті билік ауруханаларға 80-ге жуық маманды жұмысқа орналастырды.

Беттер

Subscribe to RSS - Орал қаласының және БҚО жаңалықтары