Орал қаласының және БҚО жаңалықтары

Батыс Қазақстан облысында 225 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Батыс Қазақстан облысында 225 мың гектар жер телімі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Өмірәлиевтің айтуынша, Мемлекет басшысы биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында игерілмей жатқан және заңсыз табысталған жер телімдеріне қатысты шаралар қабылдап, жыл соңына дейін республика бойынша 5 млн га жерді қайтаруды тапсырған болатын.

Орал тұрғыны өзінің досын ұрып өлтірді

Оралда екі ер адам жанжалдасып, соңы қайғылы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 18 қыркүйек күні сағат 23.25-те болды.

Оралдағы қоқыс полигонын басқа жаққа көшіру мүмкін емес - БҚО әкімі

Батыс Қазақстан облысындағы қоқыс полигоны келесі жылы жабылады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да ер адам 176 кг бекіре балығымен ұсталды

Батыс Қазақстан облысында бекіре балығын заңсыз тасымалдап бара жатқан ер адам қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Беттер

Subscribe to RSS - Орал қаласының және БҚО жаңалықтары