Бөкей Ордасы ауданында облыстық мәслихатты сайлау жөнінде бір (№18, төрағасы Меңдібай Қаресов), аудандық мәслихатты сайлау жөнінде 12 округтік, 24 учаскелік сайлау комиссиясы құрылған.
Бөкей Ордасы ауданының Мұратсай ауылдық кітапханасында кітапханашы, жастармен жұмыс жөніндегі маман және ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Алғыс – сөздің асылы» атты «дөңгелек үстел» оздырылды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып Бөкей Ордасы аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде гір спортынан және үстел теннисінен жасөспірімдер арасында аудандық жарыс оздырылды.