ВЕРНУТЬСЯ

Ақтан жырларына түсініктер

Ақтан акынның жинақтарда жарияланған және баспа жүзін көрмеген өлең, толғауларын қайта қарап, әртүрлі нұсқалары мен жазбаларын салыстырдық. Ғылыми кітапхана қорындағы (390-бума) Оңбосын Ниетбаевтан 1941 жылы Зердебай Бекарыстанов жазып алып жолдаған "Замана жайында айтқаны" толғауы бұл жинаққа енбеді. Кейбір өлең жолдары Мұрат Мөңкеұлы, Кердері Әбубәкір, т.б. ақындар шығармаларына ұқсап кететін бұл толғауды әлі де анықтай түсу қажет деп білдік.

Страницы