ВЕРНУТЬСЯ

Қаражан қызға

Отырған қарсы алдымда әдемі қыз,Мөрлеген ақ қағаздай мәнеріңіз.Қиғаш қас, оймақ ауыз, нәркес көзді –Жалғанда жайнап тұрған әдемі жүз. Сөз болса, қалқам, сізге бізден бұйым,Бұйымың біздей жанға болмас қиын.Өзіндей пұл білерлік болмаса ару,Жаманның керегі жоқ жалғыз тиын. Көңілге медеу тұттық елде көріп,Зауық еттік ойын-күлкі пелде көріп.Жүргенде қыдырысып ойнап-күліп,Жылқыдай кеттің, досым, желдеп өріп. Сұңқылдап бір жар едің ұшқан қаздай,Сол күнде лап көтерген айттық назды-ай.Бел байлап ашықтыққа жүрген едікАйдында көл шайқаған дауылпаздай.

Аяғына қан түссе

Аяғына қан түссе,Айрылар жүйрік ағыннан.Тұрасынан мертілсе,Тұлпар қалар қарғыннан.Көтермешің болмаса,Топта туың жығылған.Көмекшіңіз болмаса,Бәйгіден атың қалынған.Айдын көлден сән кетер.Айырылса қу мен қазынан.Аспанның нұры тамбаса,Көл қалады шабыннан.Қонысына бақпаса,Аруана қалар сауыннан.Денеден артық жүк артса,Нар да қашар ауырдан.Бағым болып, қолға өссе,Нәндік қалар аюдан.Парақор болып құнықса,Әділдік қалар ханыңнан.Уағыда байлап сенбеңіз,Торығар көңілің залымнан.Жасы жетіп меңдесе,Ер айрылар қарудан.Сәні болмас бұлбұлдыңСаясыз жерге саз ұрған.Қырындаса дәулеті,Сахауат кетер байыңнан.Ба

Реті

Бөкен тонын жамылса,Көкірегі қабынса,Теріс қабаққа бағынса,Ажалы жеткен майталман,Көп ұзамай табылса,Бұл – сұр мергеннің реті. Сұрқыл болса заманға,Зирек болса қаламға,Қаламы түссе базарға,Қаламымен қас болғанҚалынса үлкен зарарға,Бұл – заңғойдың реті.Ер жігіт елін меңгерсе,Жетімдерге жем берсе,Жесірлерге жер берсе,Алдында тентек жөнделсе,Әділдігін ел көрсе,Бұл – азаматтың реті.Алқада жауап сөйлесе,Түюлі сөзден аспаса,Десте-десте сөз жөнінРетімен сәндесе,Кемелдігін парықтаса,Билігін алаш мақтаса,Төмен жауап айтпаса,Уәдесін сатпаса,Қалдырып әділ сөздерін,Көңілінде танбаса,Са

Қаумалап халқым келгенсін

Қаумалап халқым келгенсін,Селдетпей топан жел сөзді,Көрінбейін бекер жек.Мүбәрак ақын дегесін,Сөйледік әуез бес өңдеп.Әуеліден-ақ тіледікБілгенді жұртқа десем деп.Айтады Хақтың кәламыЖұмақты сегіз, дозақтыЕсітеміз жетеу деп.Сол дозақта қалмалық.Аса алмай жолда мешеулеп.Таңдайына татымасАбыл менен НұрымнанДәніккен жұрт секер жеп.

Қолыңнан кетсе сенгенің

Біразырақ сөйлейін,Көтеріп көңіл қошын-ай.Ренжиді көңілім,Өтесің, дүние, босына-ай.Аз күн бір жүрміз айналыпКөктеген жердің отына-ай.Көңілді паһам аулайын,Аударып зауал осылай.Азғын тартар қаз бен қу,Суалса айдын көлдері.Өзеннің бойы құлазыр.Жайлаған кетсе елдері.Тиянақ кетер дариядан,Бұзылса шалқып сеңдері.Дарияға кеме жүзе алмас,Құрсаулы кетсе шеңбері.Бай мұрадан айрыларАтадан қалған қылыш бауАлынса сандык, теңдегі.Айдынды туған ер жігітКемшілік табар майданда,Семсері кетсе белдегі.Заманнан заман оралса.Балыққа шортан жем боларҚарағай бас

Страницы