ВЕРНУТЬСЯ

Аяғына қан түссе,Айрылар жүйрік ағыннан.Тұрасынан мертілсе,Тұлпар қалар қарғыннан.Көтермешің болмаса,Топта туың жығылған.Көмекшіңіз болмаса,Бәйгіден атың қалынған.Айдын көлден сән кетер.Айырылса қу мен қазынан.Аспанның нұры тамбаса,Көл қалады шабыннан.Қонысына бақпаса,Аруана қалар сауыннан.Денеден артық жүк артса,Нар да қашар ауырдан.Бағым болып, қолға өссе,Нәндік қалар аюдан.Парақор болып құнықса,Әділдік қалар ханыңнан.Уағыда байлап сенбеңіз,Торығар көңілің залымнан.Жасы жетіп меңдесе,Ер айрылар қарудан.Сәні болмас бұлбұлдыңСаясыз жерге саз ұрған.Қырындаса дәулеті,Сахауат кетер байыңнан.Баяны кетсе қызметтің,Еркіне кетер бағынған.Пайдасы елге тимесе,Жақсы жаман жарымнан.Өсиеті өтпесе,Надан жақсы ғалымнан.Ажал, саған не шара,Хақтан әмір болған күнКен дүнияң тарылған.