ВЕРНУТЬСЯ

Дүния пәни болғалыӨтпеді кімдер заманнан,Хауа менен Адамнан?!Неше бір ерлер өтуліЕгескен жерден ар алған.Қазақ – Алшын – Байұлы,Сегіз арыс Адайдан.Рет-рет ер өттіҚарғытқан атын қамалдан.Жүйрік кемел би өттіСөзінен жұрты пәм алған.Қытаң заман тап болып,Уақытта мынау азайғанНайза ұстаған АдайдаЕр өткен жоқ Шабайдан.Бір азырақ айтайын,Айта алсам, парқын байқайын,Бердәулет пен Жоламан –Ер жүрияты шабаздан.Солардан ерлік көргелі,Хал-ауқат етіп біз жүрміз,Өлмессің бұрын қазаңнан.Тұсында болған белгіліТарғыннан асқан ерлігіҚалмақты қуған Шағаннан*,Ноғайлының еліндеЕр Мұсаның баласыОрақ пенен Мамайдан.__________________________*Шаған – Батыс Қазақстан өңіріндегі өзен.Хан базарлы шәһәріндеҚауіп ойламай ажалдан,Тұсынан озып баға алған.Мың кісіге балаған,Әлкен ханды өлтіріп,Орнына ісін келтіріп,Ерлікпенен ар алған.Ертедегі ерлер болмаса,Базарлы жерде бас кесіп,Хан өлтірген батыр жок,Заманда осы азайған.Ер Шабайдың тұқымыБерен батыр сазарған.Он екі болыс үстіненХәкім болып қараған,Еріткен нөкер аламан,Әлке сынды хандардыТабармыз деп даладан,Болмаса шәһәр-қаладан.Өлтіріп ханын шіренген,Артын кұнсыз жіберген.Осал деп ісін кім айтарБүл екі батыр баланы-ай,Сүйінді жақын талайы-ай.Әлімұлы, Байұлы.Мынау бір Алшын –Адайда Ер Шабайдың орныныңНағыз екен тұқымы,Жоқ екен қоспақ қаяуы-ай.Жүйрік екен баршасы,Жок екен қырсау шабаны-ай.Жырламасқа жол бар ма,Іс еткен соң бұлардай.Біраз ата орныныңБелгісіз жатыр талайы-ай.Өрден шыққан батырларАтақозы, Бердібек,Ерлік қылған белгілеп.Есен, Сүгір, Шабайды,Шотан, Қармыс, Қонайды,Тұсында ешкім бұлардыАйтпаған екен кем-ді деп.Қайсы бірін айтайын,Ертеде өткен атақтыАсыл ердің орны көп...Бұлардан бұрын өнерліБеріштен шықты қос батыр –Исатай мен МахамбетАнау бір жатқан Нарыннан.Арыстан ханды өлтірген Ерназар.Бекет бұл шықтыЖоғарғы Шекті калыңнан.Ерлік етті Ер Мыңбай,Сұлтангелді, КөктаубайЕсентемір қарымнан,Жау көрмесе, сағынған.Асау, Тұрлан бұл шықтыШеркеш деген сауырдан.Қатарынан қайтқан жері жоқҚарсыласқан жауынан.Патшамен Өтен қас болып,Қазаға жалғыз тап болып,Қаратаз бен АдайдыңКешегі бір күндердеЖанына батып ауырған.Қала өртеп, ояз өлтіргенИса, Досан бұл шықтыАдай деген ауылдан.Құтылды Иса жазадан,Досан өлді қазадан.Сөйтіп қайрат, қаһарыБізден талай табылған.Қафур менен ИсаныңБилік беріп қолына,Астана халқы бағынған.Асыл туған билерімАқыл тапты нағыздан.Кешегі өткен күндердеАрын іздеп елінің,Аманияз* сабылған.Жауларын талай өлтіріп,Орнына ісін келтіріп,Жүрегін басты қабынған.Қайсы бірін айтайын,Біздің Адай ерлеріЕрегескен дұшпаннанТалай арын айырған.Амантұрлы, Қожалак,Мыңбай, Төкеш, Құлбек –Айтулы ерлер өтіптіАюдайын ақырыпЖалыны шыққан аузынан.____________________________*Хиуа басқыншылығына қарсы күрескен батыр.Сол ерлердің ішінде,Бердәулет пен Жоламан,Оғы қардай бораған.Құрбысынан озаған.Қапияда ханды өлтірген,Сөйтіп отын сөндірген.Ерегессе ертілген,Дұшпаннан қайтқан жері жоқШабайдан бергі мезгілден.Таңғалып халық шошыды.Базарлы жерде тал түстеТайсалмай қылған белгіңнен.Айтқанда аузым толады.Басыма дәурен қонады,Болмаса жазым ернімнен.Біздің елдің ерлеріҚорлыққа, сірә, көнбеген,Соғысқан жауын дендеген.Тоқтамыс ханды өлтіргенЕртеде өткен ЕдігеАбайласам деңгелің.Қала өртеп, ояз өлтіргенИса, Досан болмаса,Ерлігі шақ келмейді өңгенің.Базарлы жерде, тал түстеТайсалмай әкім өлтірмекБұ заманда, жігіттер,Қолынан келмес пенденің.Әбүйірлі жұрт едік,Шабаным жүйрік,Шалғайым берікке теңелген.Біздің Адай ішіненКереметті пір шықтыҰранда атын иеленген.Жәрдем көріп сасқанда,Сиынған пенде кенелген.Айбынды ерлер көп өттіКіреуке киген,беренмен.Акылдылар өтіптіКеңесіп айтқан тереңнен.Айтқыш тақ-тақ жыршы өттіСөз лазымын кезенген,Қаумалаған халыктыңТарқатқан шерін өлеңмен.Бармағынан бал тамғанНе шеберлер өтіптіҮлгі берген өнермен.Қыдыр көрген бай өттіДәулеті толып кемелге,Ортаймаған кемерден.Балуан өтті балтырлы,Алысқан алыпты шөгерген.Көріпкел тәуіп – бұ да өттіАжалы жоқ пендегеСебеп қылған демеумен.Біздің Адай ерлеріЖүре қойса сапарға,Қазанат мінді бедеумен.Бұлардан белгі қалмадыЗаманда мынау көнерген.Білгенімді мен айттым,Риза болсаң, әлеумет,Қай шаршыда кысылмай,Шығарған жауап көмейден.Тұрғанда жел сөз басымда,Ерлерімді жырламай,Не көремін өнерден?!