ВЕРНУТЬСЯ

Бұл мәжіліс белгісі –Жиналып басың құралмақ.Батырлықтың белгісі –Жауға шапқан ұрандап.Палуандықтың белгісі –Алқаға түсіп сыбанбақ.Шешендіктіңбелгісі –Халық жиналған алқадаДұрыстап жауап шығармақ.Жүйріктіктің белгісі –Бәйгеге қосқан тұмарлап.Жігіттіктің белігісі –Бедеу мініп астына,Жиынға түскен бұлаңдап.Сұлулықтың белгісі –Жұрт жиналған алқадаКөрініске шыққан қылаңдап.Құр мал баққанмен қумаңдап.Сөз баққанмен сумаңдап,Сөйлемейік суаңдап,Әзірейіл кұрық салған күнҚалармыз бір күн тыраңдап.Ақ кіреуке бөз орап,Әркімдер жуар құманды ап.Бұл дүнненің мысалыБір айдын көл шалқыған,Ақыры бір күн суалмақ.