ВЕРНУТЬСЯ

Бөкен тонын жамылса,Көкірегі қабынса,Теріс қабаққа бағынса,Ажалы жеткен майталман,Көп ұзамай табылса,Бұл – сұр мергеннің реті. Сұрқыл болса заманға,Зирек болса қаламға,Қаламы түссе базарға,Қаламымен қас болғанҚалынса үлкен зарарға,Бұл – заңғойдың реті.Ер жігіт елін меңгерсе,Жетімдерге жем берсе,Жесірлерге жер берсе,Алдында тентек жөнделсе,Әділдігін ел көрсе,Бұл – азаматтың реті.Алқада жауап сөйлесе,Түюлі сөзден аспаса,Десте-десте сөз жөнінРетімен сәндесе,Кемелдігін парықтаса,Билігін алаш мақтаса,Төмен жауап айтпаса,Уәдесін сатпаса,Қалдырып әділ сөздерін,Көңілінде танбаса,Сабырсыз сөзден қатпаса,Орнына қойып баршасын,Бір-біріне шатпаса,Пікірге кәміл жұрт озғанБүл – шешеннің реті.