ВЕРНУТЬСЯ

Мамығын төгіп қаз бен қу,Көлге мекен ете алмас,Ақсұңқар құстың зарпынан.Азамат ердің баласы,Пәмді* басын ете алмас,Шетке кетсе халқынан.Ер жігіт шауып шеп бұзбас,Айқайлап ұран шаппаса,Аламаны шулап артынан.Шешендер сөйлер топ жарыпСары бір қолдың самсынан.Жақсылық алар әркімдерЖауаптың келген парқынан.Келтірер ұят бетіне,Сөйлесе күмән балшыдан**.Адал жүріп, шын сөйле,Асығың түсер алшыдан.Мақтанғанмен аса алмас,Кем болса қатар, шарқынан.Сұрағанмен алмассың,Көп қазғанмен қанбассыңҚайырсыз сараң таңқыдан.Мәжіліске келген соң,Тәңірім жел сөз берген сон,Тартпайым басым шаршыдан.________________________                        *Пәмді – бағалы, қадырлі.                        **Балшы – жалған, өтірік.