ВЕРНУТЬСЯ

Біріншіден не жаман?Білімсіз болған ұл жаман.Екіншіден не жаман?Ананың тілін алмаған,Қасарысқан қыз жаман.Үшіншіден не жаман?Үш жерінен буғызып,Көрге салған – сол жаман.Төртіншіден не жаман?Төресін ғаділ бермеген,Парақор болған би жаман.Бесіншіден не жаман?Бес уақыт намазыңҚаза болған – сол жаман.Алтыншыдан не жаман?Алғашкы алған әйеліңКөп ішіңде кеңкілдеп,Тіл алмаған – сол жаман.Жетіншіден не жаман?Жеткіншіктен оқ тиіп,Жетпей калсаң – сол жаман.Сегізіншіден не жаман?Серке санды ат мініп,Сергелдең болған – сол жаман.Тоғызыншыдан не жаман?Торғайдай болған бір басыңТопка түскен – сол жаман.Оныншыдан не жаман?Оймақ ауыз қиғаш қас,Жазық маңдай, жалқын шаш,Бір перзенттің жоғынан,Мұңлық болған – сол жаман.