ВЕРНУТЬСЯ

Кәріліктің белгісі –Көңілдің қошы келмеген.Жарлылықтың белгісі –Жанын қинап өлмеген.Жалғыздыктың белгісі –Өзіне өзі сенбеген.Палуандықтың белгісі –Өнермен өрге өрлеген.Сақилықтың белгісі –Халықтың қамын көздеген.Әкімдіктің белгісі –Тентекті тыйып жөндеген.Қаттылыктың белгісі –Халықтың көңілін көрмеген.Жамандықтың белгісі –Қаумаға басы енбеген.Төреліктің белгісі –Аяғын басып жүрмеген.Сұлулықтың белгісі –Көргендер аңсап шөлдеген.Жігіттіктің белгісі –Мезгілсіз жүрген көлденең.Екіталай болғанда,Айқын жүйрік терлеген.Кейбір жаман жыршылар.Әншейінде ақтарып,Сатып жүр жырын теңгеден.Менің сөзім аяусызАға менен жеңгеден.Құлақ қойып тыңдасаң,Зейін қойып тындасаң,Менің сөзім қошамет,Көңіліңді делбеген.Билік пенен жыр басқа,Өнердің түрі әр баска,Ортаға сөзді салайын,Сағыңыз бізден сынбасқа.Жігіттің қайтар базары,Өнерін білген бұлданып,Шығарып тұрса қымбатқа.Арзан сөзден ала бер,Дүния шіркін жолдас па?!Мысал етіп толғайын,Жаманға айтсаң бір сөзді,Келмейді сөзің татымға.Жаксылығың жамандық,Үлкейіп шығад басымға.Жақсы сөзбен жай айтып,Мейманды үйден қашырма.Сөйлес десе қонаққа,Үйде отырып айқайлап,"Не сұрайсың?" айтынба.Барым деп берсең, ол қонақРиза болар шай-суға.Түсінгенге сөздерімҚұлағына хат болар.Түсінбейтін жаманға,Мал қимайтын сараңғаАйтқаның мен айтпағанБәрі бірдей сап болар.Кейбір, кейбір жамандар,Мал қимайтын сараңдарЖыршыменен қас болар.Зәресі шығып жыршыдан,Үндеместен тас болар.Ақ, қараны айырғанҚағазға жазған хат болар.Шешендерді сынаған            Тізелескен дау болар.Ер жігітті сынағанҚарсы шапқан жау болар.Кейбір, кейбір жамандарТакылдатар таңдайын.Қыламын деп мал жайын.Қайдан білсін о қонақОл кісінің қандайын.Ержігігті білгесін,Көп дәметер сауыр деп.Қонақ іздеп қонадыАты шыққан ауыл деп.Көп аралап жүргесін,Сол мінезді білгесін,Сүйкенбейін әркімге,                        "Қарап жүрген тәуір" деп