ВЕРНУТЬСЯ

Ақтан акынның жинақтарда жарияланған және баспа жүзін көрмеген өлең, толғауларын қайта қарап, әртүрлі нұсқалары мен жазбаларын салыстырдық. Ғылыми кітапхана қорындағы (390-бума) Оңбосын Ниетбаевтан 1941 жылы Зердебай Бекарыстанов жазып алып жолдаған "Замана жайында айтқаны" толғауы бұл жинаққа енбеді. Кейбір өлең жолдары Мұрат Мөңкеұлы, Кердері Әбубәкір, т.б. ақындар шығармаларына ұқсап кететін бұл толғауды әлі де анықтай түсу қажет деп білдік. Ақтан өрнегіне, сөз саптауына келеді деген өзге шығармалары толық қамтылды.Қалағандарын сөз болса - осы жинақты құрастырушы 1964 жылы Сәттіғұл ақын айтуынан жазып алған. "Ертедегі әдебиет нұсқалары" (Алматы, 1967), "Ақберен" (1972), "Бес ғасыр жырлайды"(үшінші том, 1985; екінші том, 1989),"Жыр-дария" (1995) жңнақтарында жарық көрді.Айт десеңіз, жарандар - Ғылыми кітапхана қорынан, 390-бума, 6 - 7-беттер. 1947 жылы ел аузынан жинаған И.Ұйықбаев. Басқы бір беті Шәңгерей өлеңіне ұқсас. Аяғы бітпеген сияқты. Аталған жинақтарда жарияланған. Бұл басылымда: "Таупиқ берген Жасаған, Асығыс келмей ажалға-ай" деген бұрын қысқарған жолдар қосылды.Мамығын төгіп қаз бен қу - бұ да содан (390-бума, 7-бет). Аталған жинақтарда жарияланған.Белгісі - бұ да содан. Бұл басылымда бұрын аталған жинақтарда қысқарып  кеткен 10 жол қалпына келтірілді.Менің сөзім қошамет - бұ да содан (390-бума, 8-бет). 1947 жылы Әлқуат Қожабергенов айтуынан жазылған. Аталған жинақтарда жарық көрген.Не жаман - бұ да содан (390-бума, 25-бет). 1940 жылы жинаған Н.Қонысов. Соңынан санағандағы "Жазық маңдай, жалқын шаш" деген үш жол атыраулық ақын Құмар Жүсіпов айтуымен (1965) қосылды. Жазып алған жинақты кұрастырушы. Бұ да аталған жинақтарда жарияланған.Жайық деген жанды су - бұ да содан (390-бума, 25 -26-беттер). 1940 жылы жинап, тапсырған Н.Қонысов. "Ақберен", "Бес ғасыр жырлайды", "Жыр-дария" жинақтарында басылған.Әлеумет, келдің қаумалап - ел аузынан жинап, құрастырушыға жолдаған  (1978)  Ізбасар Шыртанов.Тойбастар - осы жинақты құрастырушы 1966 жылы Атырау облысы, Сағыз теміржол станциясында тұратын Ақтанның туысы Әмірше Мұттахиев (1891-1972) айтуынан жазып алган. Бірқатар қысқартумен "Ақберен" (1972), "Бес ғасыр жырлайды"(үшінші том, 1985; екінші том, 1989), "Жыр-дария" (1995) жинақтарында жарық көрген. Бұл жолы толық тексті жарияланып отыр.Той бастардың гылыми кітапхана қорында үш тексті бар: 1) Сәттігұл Жанғабылұлынан 1940 жылы З.Бекарыстанов жазып алған жазба, 1083-бума, 9 - 10-беттер. Шағындау тексті; 2) Гурьев облысы, Шевченко ауданы, Тельман колхозының мүшесі - 39 жастағы Исабаев Сақтаған        1941 жылы айтқан жазба, 401-бума, 3-дәптер, 1-2-беттер. Бұл -Тойбастардың үзіндісі, бастамасы ғана. 3) 1947 жылы Гурьев экспедициясы кезінде И.Ұйықбаев жинаған жазба, 390-бума, 8-бет. Тойбастардың орта тұсынан аяқ жағына дейінгі жері ("Тойыңды келдім бастарға-ай" деп басталады).Ә.Мұттахиев айтуынша, Ақтан бұл "Тойбастарды" Ақтөбенің Қобда өңіріндегі Батпақты мекенінде Шәли Кете Оразбайдың қыз ұзату тойында айтқан. Алыс-жақыннан жұрт көп жиналған үлкен той болған. Таз Қоспақ, Адай Ақтан сияқты ақындар қатысқан.Мен - Адайдың Ақтаны - ақынның жыр-толғауларды бастар алдыңдағы кіріспе сөздерінің бізге жеткен бір үзігі ғана. Бірінші шумағы "Жыр-дария" жинағынан, 163-бет. Екінші шумағы Әмірше Мұттахиев айтуынан 1966 жылы осы жинақты құрастырушы жазып алып, "Ақын, жыраулар" (Алматы, 1974) кітабында жариялаған.Заманға қарай саз керек - осы жинақты құрастырушының "Ақын, жыраулар" кітабынан. Бұ да Әмірше Мұттахиев айтуынан. "Жыр-дария" жинағында екі шумақ қоспамен берілген. Қосылған шумақтар өлең мазмұнына кірікпейді. Сондықтан өлең тексті Әмірше айтқан күйде берілді.Қаражан қызға - Ақтан ғашық болып, бірақ қосыла алмаған сүйген қызы Қаражанға арнаған.Осы жинақты құрастырушы 1966 жылы Ә.Мұттахиев айтуынан жазып алған. "Ақберен", "Жыр-дария" жинақтарында жарияланған.Аяғына қан түссе - бұ да солай. "Ақберен", "Жыр-дария", "Бес ғасыр жырлайды" (үшінші том, 1985; екінші том, 1989) жинақтарында жарық көрген. Бұрын соңындағы қысқарған 11 жолы қалпына келтірілді.Реті - бұ да Ә.Мұттахиев айтуынан. Бұл басылымда бұрын қысқарған "Сұрқыл болса заманға" деп басталатын шумағы косылып берілді. Өзге екі шумағы "Ақберен", "Бес ғасыр жырлайды", "Жыр-дария" жинақтарында басылды. Соңғы шумағы "Аламан" жинағынан (Алматы, 1991. Х.Досмұхамедұлының "Халық әдебиеті" аталатын еңбегінен).Қаумалап халқым келгенсін - бұ да Ә.Мұттахиев айтуынан. "'Ақберен", "'Бес ғасыр жырлайды" жинақтарында жарияланған. Алдыңғы үш жолдан кейінгі бұрынғы қысқарған тоғыз жолы қайта қосылды.Қолыңнан кетсе сенгенің - ақынның Адайдың белгілі ақсақалдары Нұрқасым, Қоректерді жоқтап айтқаны.Бұл толғау "Ақберен", "Бес ғасыр жырлайды", "Жыр-дария" жинақтарында жарияланған. Бұл жолы бұрын қысқарған 21 жолы қалпына келтірілді.Көрінер - Ғылыми кітапхана қорынан (390-бума, 22-бет). Махамбет, Аралбай өлеңдерінен қосылған жолдарды қабылдамадық. Түсінігінде ақынның әкесі Кенже деп айтылған. Кенже - Ақтан шыққан рудың, елдің аты. Ақтанның әкесі Керей деген кісі.Бұл шығарма "Ақберен", "Бес ғасыр жырлайды", "Жыр-дария" жинақтарында жарық көрген. Бұл жолы бұрын қысқарған "Бәйбіше көркем көрінер" деп басталатын 6 жол қосып берілді.Ерлік жыры - Ақтан ақынның Құнанорыс Шабай ұрпағы Бердәулет, Жоламан батырлардың ерлігіне арнаған толғауы.Осы жинақты құрастырушы 1964 жылы халық ақыны Сәттіғұл айтуынан жазып алған. Бұл жазба дәуір ыңғайына орай бірқатар қысқартулармен "Ертедегі әдебиет нұсқалары" (Алматы, 1967) хрестоматиясында, "Ақберен" (1972), "Жыр-дария" (1995) жинақтарында жарияланған. Бұл жолы қысқарған жолдар қалпына келтіріліп, толық күйінде жарияланып отыр.Ғылыми кітапхана қорында бұл толғаудың бір жазбасы сақтаулы    (390-бума). Оның бірқатар сөздері мен өлең жолдары мағынасыздау, мазмұн-реті жүйесіздеу. Сондықтан Сәттіғұлдан жазылған нұсқасы берілді.Көңіл айтуы - 1966 жылы жинақты кұрастырушы жылойлық журналист Кемелхан Ыбыраев айтуынан жазып алған. Алғаш жариялау. Кімге арналғаны мәлім емес.Қойды қойшы баққандай - бұ да К. Ыбыраев айтуынан.Орынбор, Үйшік - күз базар - бұ да Ә.Мұттахиев айтуынан. Алғаш жариялануы. Ғылым академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында (411-бума, 3-дәптер) бір нұсқасы сақталған. 1958 жылы М.Бимағанбетов тапсырған түсінігінде 1901 жылдары шығарылғандығы, Төремұрат дегеннің айтуынан жазылғандығы көрсетілген. Кейбір сөздері түсініксіз, ұйқас жүйесі бұзылғандығы сезіледі.Бұл басылымындағы кейбір өлең жолдары Өмір Көшекбайұлы жырларында да кездеседі. Шежіре қария Қайшыбай Боқанұлы "Емеспін таңқы құрылық" деп басталатын шумақтарды Ақтандікі дейтін. Біз бір жүріп өнер өрбіткен Ақтан, Аралбай, Өмір ақындардың бірер шумақтары ауыс-күйіс жүруі заңды нәрсе деп ойладық. Және атақты жыршы Өмірге нағашы боп саналатын Ақтан, Аралбай ақындар желілі жырлардың алды-артында айтуға лайық терме, толғаулар шығарып берген екен дейтін де сөз бар.(Ғалым Қ.Сыдиықұлының «Таңдамалылар» (Алматы, «Нұрлы Әлем» баспасы, 2007) жинағының «Ақберен» атты үшінші томынан).