ВЕРНУТЬСЯ

Айт десеңіз, жарандар

Айт десеңіз, жарандар,Азырақ жауап бастайын.Айт дегенде іркіліп,Бойымды балап тартпайын.Парасатсыз жамандайЖүрексініп саспайын.Алысқа шапқан жүйріктейАяқты жайлап тастайын.Қалағаның біз болса,Сұрағаның сөз болса,Қатты жауған жаңбырдайАлдарыңды қаптайын.Мәжіліске келген соң,Тәңірім жел сөз берген соң,Атасы арзан жел сөздіСіздерге бұлдап сатпайын.Атасы арзан дегенмен,Өздеріңдей жақсы болмаса,Бостан-босқа айқайлап,Кұр далаға шашпайын.Айт деп бізге үлкендер,Қаумалап қызық кұралды-ай.Іркілейін несіне,Болған соң басым базарлы-ай.Мәжіліс құрған алқаныЖүрмесем де таба алмай,Осы отырған әлеумет,Басы

Мамығын төгіп қаз бен қу

Мамығын төгіп қаз бен қу,Көлге мекен ете алмас,Ақсұңқар құстың зарпынан.Азамат ердің баласы,Пәмді* басын ете алмас,Шетке кетсе халқынан.Ер жігіт шауып шеп бұзбас,Айқайлап ұран шаппаса,Аламаны шулап артынан.Шешендер сөйлер топ жарыпСары бір қолдың самсынан.Жақсылық алар әркімдерЖауаптың келген парқынан.Келтірер ұят бетіне,Сөйлесе күмән балшыдан**.Адал жүріп, шын сөйле,Асығың түсер алшыдан.Мақтанғанмен аса алмас,Кем болса қатар, шарқынан.Сұрағанмен алмассың,Көп қазғанмен қанбассыңҚайырсыз сараң таңқыдан.Мәжіліске келген соң,Тәңірім жел сөз берген сон,Тартпайым басым шаршыдан._________________

Белгісі

Бұл мәжіліс белгісі –Жиналып басың құралмақ.Батырлықтың белгісі –Жауға шапқан ұрандап.Палуандықтың белгісі –Алқаға түсіп сыбанбақ.Шешендіктіңбелгісі –Халық жиналған алқадаДұрыстап жауап шығармақ.Жүйріктіктің белгісі –Бәйгеге қосқан тұмарлап.Жігіттіктің белігісі –Бедеу мініп астына,Жиынға түскен бұлаңдап.Сұлулықтың белгісі –Жұрт жиналған алқадаКөрініске шыққан қылаңдап.Құр мал баққанмен қумаңдап.Сөз баққанмен сумаңдап,Сөйлемейік суаңдап,Әзірейіл кұрық салған күнҚалармыз бір күн тыраңдап.Ақ кіреуке бөз орап,Әркімдер жуар құманды ап.Бұл дүнненің мысалыБір айдын көл шалқыған,Ақыры бір күн суалм

Менің сөзім қошамет

Кәріліктің белгісі –Көңілдің қошы келмеген.Жарлылықтың белгісі –Жанын қинап өлмеген.Жалғыздыктың белгісі –Өзіне өзі сенбеген.Палуандықтың белгісі –Өнермен өрге өрлеген.Сақилықтың белгісі –Халықтың қамын көздеген.Әкімдіктің белгісі –Тентекті тыйып жөндеген.Қаттылыктың белгісі –Халықтың көңілін көрмеген.Жамандықтың белгісі –Қаумаға басы енбеген.Төреліктің белгісі –Аяғын басып жүрмеген.Сұлулықтың белгісі –Көргендер аңсап шөлдеген.Жігіттіктің белгісі –Мезгілсіз жүрген көлденең.Екіталай болғанда,Айқын жүйрік терлеген.Кейбір жаман жыршылар.Әншейінде ақтарып,Сатып жүр жырын теңгеден.Менің сөзім ая

Не жаман

Біріншіден не жаман?Білімсіз болған ұл жаман.Екіншіден не жаман?Ананың тілін алмаған,Қасарысқан қыз жаман.Үшіншіден не жаман?Үш жерінен буғызып,Көрге салған – сол жаман.Төртіншіден не жаман?Төресін ғаділ бермеген,Парақор болған би жаман.Бесіншіден не жаман?Бес уақыт намазыңҚаза болған – сол жаман.Алтыншыдан не жаман?Алғашкы алған әйеліңКөп ішіңде кеңкілдеп,Тіл алмаған – сол жаман.Жетіншіден не жаман?Жеткіншіктен оқ тиіп,Жетпей калсаң – сол жаман.Сегізіншіден не жаман?Серке санды ат мініп,Сергелдең болған – сол жаман.Тоғызыншыдан не жаман?Торғайдай болған бір басыңТопка түскен – сол жаман.Он

Страницы