ВЕРНУТЬСЯ

Айт десеңіз, жарандар,Азырақ жауап бастайын.Айт дегенде іркіліп,Бойымды балап тартпайын.Парасатсыз жамандайЖүрексініп саспайын.Алысқа шапқан жүйріктейАяқты жайлап тастайын.Қалағаның біз болса,Сұрағаның сөз болса,Қатты жауған жаңбырдайАлдарыңды қаптайын.Мәжіліске келген соң,Тәңірім жел сөз берген соң,Атасы арзан жел сөздіСіздерге бұлдап сатпайын.Атасы арзан дегенмен,Өздеріңдей жақсы болмаса,Бостан-босқа айқайлап,Кұр далаға шашпайын.Айт деп бізге үлкендер,Қаумалап қызық кұралды-ай.Іркілейін несіне,Болған соң басым базарлы-ай.Мәжіліс құрған алқаныЖүрмесем де таба алмай,Осы отырған әлеумет,Басымды салып базарға-ай,"Айт" дегенде бұлдансам,Болам ба мұнан ажарлы-ай?!Таупиық берген Жасаған,Асығыс келмей ажалға-ай.Жан барында жайнайын,Тіл барында сайрайын.Әзірейіл кұрық салған күн,Қаумалаған ағайынҚаларсың бір күн таба алмай.