ВЕРНУТЬСЯ

"Ақшұнақ қоян" аталатын жұт жылы Ақтан үй-іші де азын-аулақ күнкөріс малынан айрылады. Ол Ойыл қаласына кәсіп іздеп барып, ноғай саудагеріне тері илеуге жалданады. Ақынды көрген біреу:– Адайдың Ақтан деген ақыны осы ма? Бү да ештеңе емес екен ғой, тері илеп жүрген, – деп күлсе керек. Сонда Ақтан айтыпты:Айдынға үйрек, қаз керек,Сұлуға құшақ, наз керек.Жырға әуез бен саз керек,Теріге пұшпақ баз керек.Тері жаймай Ақаң не қылсын,Заманға қайрай саз керек.