ВЕРНУТЬСЯ

Жайық деген жанды су,Көзі қара қаңды су.Біздің жүрген жерімізКүнде базар, күңде ду.Мен сүргіннің сойымынАлқалы жерде шапқандай.Ойтаң жерде сортақ бар,Жабыдан туған қорқақ бар.Сөйле десең, жыршыңызАлдарыңда жортақтар.Туған айға ат берген,Ақ кағазға хат берген.Екі ерін, тіл, таңдай,Сөйлесін деп жақ берген.Шықпай отыр домбырам,Сырылдап мұның қақпағы.Айтқан сөзге түсінбесАдамның мисыз ақымағы.Домбырам отыр қағылып,Он екі перне, екі ішекБауырына тағылып,Қоянға қосқан тазыдайБүктетіліп жазылып.Тыңдасаңыз сөзімдіОсы араға келгенің,Әдептен құр қалмассыңҮлкенге сәлем бергенің.Түрлі-түрлі өлең бар,Айта берсек, өнер бар.Түсінетін адамғаРетін айттым терменің.Ұядағы балапанҰшатын күні болғанда,Қанаты әбден толғанда,Істейді о да көргенін.Жолдас болсаң жаксымен,Дұшпаныңды жеңгенің.Адамдықтың белгісі –Біріне бірің сенгенің.Құлағыңды сал, жігіттер,Жарлымын деп мұңайма,Жеті мүшең сау болса,Құдайдың сол бергені.