ВЕРНУТЬСЯ

Орынбор, үйшік – күз базарТөрт жүздей кісі бірігіп,Мәжіліс отыр құрылып.Мен – жүлделі жүйрікпінБөгелмейтін кідіріп.Қайнарлы бұлақ, өзенмін,Емеспін таңқы құрылық.Тұяғым желді тұлпармынТоптан озған ұрынып.Қызғалдақтың күніндейБаянсыз екен тірілік.Артық-кемді сөйледік,Жырменен көңіл делбедік,Бір күн келер АлладанМәлекелі мауыт бұйырық.Көп назары – бір назар,Көп ажарын сындырып,Кейбіреулер бұлданар,Өнерін бұлдап тұлданар.Айта қалса аңырып,Сөз таба алмай қиналар.Жорға тілім жылмиып,Айтқан сайын сырланар.Дүния, сенің жүзіңнен,Мезгіл бітсе, кім қалар?!Адамзаттың баласыӨлшеулі өмір шамасы,Міне, сөздің тазасы.Малдың сыртта аласы,Адамның іште қарасы.Алла болса панасы,Ешкімнің болмас шамасы.Ей, жігіттер, жігіттер,Асылыңды айтайын:Атаның белде суысың,Ананың белде шуысың.Ғұмила болып біткен соң,Тоғыз ай, он күн туысың.Жадыңа тұт, жамағат,Жалған деме, мұным шын.Емшек сүтін ас біліп,Басқа адамды жат біліп,Жыл – он екі ай болғанда,Есейіп жейсің тамақты.Күннен күнге ұлғайып,Суретің болар мазатлы.Атаң менен анаңаОны – мүны сөйлейсің,Сөйтіп көңіл делбейсің.Тоғыз, онға келген сон,Түрдің бәрін ойлайсың,Иманыңды қорғайсың.Нәпсің теріс бастаса,Бұйқыт жатқан шайтандыЖолдас бол деп қозғайсың.Күнәлі құлдар дүнияныңМән-пақатын көздейді.ІІайда менен залалдыТіршілікте сезбейді.Не салса да бір Алла,Көтерерміз төзіммен.Қара сақалды әкеңді,Қара шашты шешеңдіКөрерсің әлі көзіңмен.Киялыңа келгендіАйта алмайсың қорғалап,Именіп өз сөзіңнен.Қашар жерің болмайдыКәрілік деген көрімнен.Алпыс-жетпіс асқан соң,Ілгері қадам басқан соң,Желмаядай астыңаЖүрдек көлік таппайсың.Келінің мен балаңдыКүнің үшін мақтайсың...