ВЕРНУТЬСЯ

Біразырақ сөйлейін,Көтеріп көңіл қошын-ай.Ренжиді көңілім,Өтесің, дүние, босына-ай.Аз күн бір жүрміз айналыпКөктеген жердің отына-ай.Көңілді паһам аулайын,Аударып зауал осылай.Азғын тартар қаз бен қу,Суалса айдын көлдері.Өзеннің бойы құлазыр.Жайлаған кетсе елдері.Тиянақ кетер дариядан,Бұзылса шалқып сеңдері.Дарияға кеме жүзе алмас,Құрсаулы кетсе шеңбері.Бай мұрадан айрыларАтадан қалған қылыш бауАлынса сандык, теңдегі.Айдынды туған ер жігітКемшілік табар майданда,Семсері кетсе белдегі.Заманнан заман оралса.Балыққа шортан жем боларҚарағай басып өрдегі.Алартқан көзін алашқаӘйләдір менен қалмаққаАлынбай кеткен шемдері.Асылдар кетті қолымнан,Нұрқасым, Қорек замандаАзбай бір тұрған белгі еді.Ниеті таза, көңілі хат,Жаралған абзал пенде еді.Айран болады екен ақылың,Уақыты жетпей қапыдаҚолыңнан кетсе сенгенің.