ВЕРНУТЬСЯ

Тұсыңа келдім, жарандар,Тұрмаймын кейін бойбалап*.Халық әдеті болған соң,Сөйлеймін әуез созбалап.Тұяғым тайпақ сүргінмінТүгескен топты жорғалап.Дидар болып сөзіме,Әлеумет тұрсын омбалап.Сөз әділін табармын,Жалқаулық етпсй қорғалап.Сұрағаның сөз болса,Қалағаның біз болса,Төгейін жырды қауғалап._______________________*Бойбалап – тартынып.Екпіндесем, кетермінАкбөкендей ормалап.Құдай жолы – айт пен тойМерекеңе кез келдік,Мен – байрақты жүйрік саңлағың.Сайқылықпен көп кездімӘлімұлы, Байұлы,Тама, Табын – ЖетіруКіші жүздің аймағын.Сол кезгеннен бері қарайМәжіліс-базар құрылса,Мереке-сауық ауладым.Үлгі көрген тегің бар,Инабатқа жөнің бар,Ойласам байқап аржағын.Той базарын құруға,Әлеумет, бізге бұйырдың,Сіздерден рұксат болған соң,Мен – ежелгі бәйгігер,Байрақты жерде жүгірдім.Алқа кұрып, әлеумет,Тамашаға жиылдың.Бүгін емес, қашаннанХалықтан қалған қағида,Ерсілігіболар маҚанша айтсам да мұнымның?!Мен несіне бойым тартайын,Шын жүйрігі болған соңТаңбалы тайпа, рудың.Жүз биасыл тай болмасБір сөзіне бұлдының.Сөйлеген сайын табармынПормылы сөздін кұрғырын.Жауаптың парқын түгендеп,Түгеспесек те сөздің ұрғынын.Құдай жолы – айт пен тойҮйреткен Хақтың бұйрығын.Әуелі тудың анаңнан,Бәлиға болып бой жасап,Несібе жидың адалдан.Өз перзенті болған соң,Атаң менен анаңныңКөңілі өсіп ағарған.Жарамсыз хабар естімейТуысқан, іні-ағаңнан,Қатарыңның тұсындаТәрбиең озды адамнан.Шарапат, шүкір, көрерсіңБасыңда тұрған заманнан.Бұл күндері болғанда,Қызығыңды көругеАямай дәулет шашылған,Салтанатты асырған.Мырзалықтың белгісі –Алқаға жолдық шығарған.Дәулетті берді бір АллаШашуыңа жеткендейЖалғаншыда жұбанған.Көзіңді салдың қияға –Бойыңды түзеп сыланған.Көргенділік белгісі –Қолайсыз жерден ұялған.Қадірмендік белгісі –Еңбек етпей сый алған.Атаң менен анаңныңҚолынан кетіп барасыңПерзентім деп куанған.Көргенде сіздей асылдыЛайықтап сөз айтып,Ақтарып өнер шығарғанМен – жүйрігі алаштыңҚашқанды тұтқан қияннан.Тойыңды тұрмын бастарға-ай,Бақадар халше сөйлейін,Бойымды балап жасқанбай.Зайыйқатты баласың,Толықтырып мақтарға-айҚыз-келіншек, кей құда,Жігіт, бала, қарттарға-ай.Көрініп топқа естірге,Қазақшылық дәстүргеКез келген шайыр айтпайды-ай.Шуламай,тегіс естіңіз,Болған соң сауық кәсібіміз,Тыңдап алың, жасқанбай.Сынауға тұрған сұрғыл көпКеліп тұрған қапталда-ай.Запызым шырын татқандай.Жадағай емес, астарлы-ай.Несі жүйрік жүйріктің.Кезіне келсе бас салмай.Майысады сөздерімҚайранға біткен жас талдай.Тамашаңа жиналдыМиллион байтақ ұлы жұрт,Шамалы жерде халық қалмай.Енбек етпей оза ма,Желікпей арқа қоза маАлқаны көріп шаттанбай?!Әуелі сөзді жаратқан,Миуалы дарақтанНәсіпті бақпен шашқандай.Кеудеде жанның барында,Кетпей тұрып жазымғаҚимылдалық шақ барда-ай.Келгеннен соң бұл жерге,Оңтайландым түзергеБаланың парқын мақтарға-ай.Қолаң шашты, қой көзді,Тұмар жүзді ақ маңдай."Кетемін" деп, жарқыным,Уайым етіп өкінбе,Озалдан бұйрық болған соң,Әркімдер сендей аттанды-ай.