ВЕРНУТЬСЯ

Аққулар көркем көрінерАйдын шалқар көлдегі.Құралайдың балдары –Бұл да көркем көрінерОрғып қашқан шөлдегі.Қатарланған қалың көш –Бұл да көркем көрінерСағым шалған белдегі.Қыз, жігіт көркем көрінерҚалың дара елдегі.Аруанадан туған кез өркеш –Бұл да көркем көрінерАйт-айт деген жердегі.Қыз бала көркем көрінерБеттегі нұрлы қанменен...Бәйбіше көркем көрінерТұсында болған байменен.Бие мал көркем көрінерСоңынан ерген тайменен.Ел биі көркем көрінерТөресі әділ ханменен.Еділ көркем көрінерЖағалай біткен талменен.Арғымақ көркем көрінерӨкпе, бауыр, жалменен.Жиналып келген, көпшілік,Аз айтты деп сөкпеңдер,Еркінше даусым шықпады,Осылай айттым жайменен.