ВЕРНУТЬСЯ

Жайық деген жанды су

Жайық деген жанды су,Көзі қара қаңды су.Біздің жүрген жерімізКүнде базар, күңде ду.Мен сүргіннің сойымынАлқалы жерде шапқандай.Ойтаң жерде сортақ бар,Жабыдан туған қорқақ бар.Сөйле десең, жыршыңызАлдарыңда жортақтар.Туған айға ат берген,Ақ кағазға хат берген.Екі ерін, тіл, таңдай,Сөйлесін деп жақ берген.Шықпай отыр домбырам,Сырылдап мұның қақпағы.Айтқан сөзге түсінбесАдамның мисыз ақымағы.Домбырам отыр қағылып,Он екі перне, екі ішекБауырына тағылып,Қоянға қосқан тазыдайБүктетіліп жазылып.Тыңдасаңыз сөзімдіОсы араға келгенің,Әдептен құр қалмассыңҮлкенге сәлем бергенің.Түрлі-түрлі өлең бар,Ай

Әлеумет, келдің қаумалап

Әлеумет, келдің кұралып,Сөз базарын құралық.Айтулы жүйрік мен едімАлысқа шапқан шұбалып.Әлеумет, келдің қаумалап,Сөйлейін сөзді саумалап.Пұл жіберіп, базарданАлғаным жоқ саудалап.Жылқы ішінде шұбармын,Шұбарға таққан тұмармын.Өзім шұбар болған соң,Әрі-бері сөйлеп қызған соң,Топтан ойнап шығармын.

Тойбастар

Тұсыңа келдім, жарандар,Тұрмаймын кейін бойбалап*.Халық әдеті болған соң,Сөйлеймін әуез созбалап.Тұяғым тайпақ сүргінмінТүгескен топты жорғалап.Дидар болып сөзіме,Әлеумет тұрсын омбалап.Сөз әділін табармын,Жалқаулық етпсй қорғалап.Сұрағаның сөз болса,Қалағаның біз болса,Төгейін жырды қауғалап._______________________*Бойбалап – тартынып.Екпіндесем, кетермінАкбөкендей ормалап.Құдай жолы – айт пен тойМерекеңе кез келдік,Мен – байрақты жүйрік саңлағың.Сайқылықпен көп кездімӘлімұлы, Байұлы,Тама, Табын – ЖетіруКіші жүздің аймағын.Сол кезгеннен бері қарайМәжіліс-базар құр

Заманға қарай саз керек

"Ақшұнақ қоян" аталатын жұт жылы Ақтан үй-іші де азын-аулақ күнкөріс малынан айрылады. Ол Ойыл қаласына кәсіп іздеп барып, ноғай саудагеріне тері илеуге жалданады. Ақынды көрген біреу:– Адайдың Ақтан деген ақыны осы ма? Бү да ештеңе емес екен ғой, тері илеп жүрген, – деп күлсе керек. Сонда Ақтан айтыпты:Айдынға үйрек, қаз керек,Сұлуға құшақ, наз керек.Жырға әуез бен саз керек,Теріге пұшпақ баз керек.Тері жаймай Ақаң не қылсын,Заманға қайрай саз керек.

Страницы