ВЕРНУТЬСЯ

Көрінер

Аққулар көркем көрінерАйдын шалқар көлдегі.Құралайдың балдары –Бұл да көркем көрінерОрғып қашқан шөлдегі.Қатарланған қалың көш –Бұл да көркем көрінерСағым шалған белдегі.Қыз, жігіт көркем көрінерҚалың дара елдегі.Аруанадан туған кез өркеш –Бұл да көркем көрінерАйт-айт деген жердегі.Қыз бала көркем көрінерБеттегі нұрлы қанменен...Бәйбіше көркем көрінерТұсында болған байменен.Бие мал көркем көрінерСоңынан ерген тайменен.Ел биі көркем көрінерТөресі әділ ханменен.Еділ көркем көрінерЖағалай біткен талменен.Арғымақ көркем көрінерӨкпе, бауыр, жалменен.Жиналып келген, көпшілік,Аз айтты деп сөкпеңде

Көңіл айтуы

Ағузыбіллә тартуға,Тіріге қайыр айтуға,Орнына келдік жақсының,Бәсі қымбат даңқтының.Қыранынан айрылып,Пұшайман болып қайғырып,Отырған осы халық бүгін.Рухың сүйіп ұшыптыБейіштегі тәттіні.Алды өзіңе, арты біздергеҚайырлы болсын, бақыттылым.

Орынбор, үйшік - күз базар

Орынбор, үйшік – күз базарТөрт жүздей кісі бірігіп,Мәжіліс отыр құрылып.Мен – жүлделі жүйрікпінБөгелмейтін кідіріп.Қайнарлы бұлақ, өзенмін,Емеспін таңқы құрылық.Тұяғым желді тұлпармынТоптан озған ұрынып.Қызғалдақтың күніндейБаянсыз екен тірілік.Артық-кемді сөйледік,Жырменен көңіл делбедік,Бір күн келер АлладанМәлекелі мауыт бұйырық.Көп назары – бір назар,Көп ажарын сындырып,Кейбіреулер бұлданар,Өнерін бұлдап тұлданар.Айта қалса аңырып,Сөз таба алмай қиналар.Жорға тілім жылмиып,Айтқан сайын сырланар.Дүния, сенің жүзіңнен,Мезгіл бітсе, кім қалар?!Адамзаттың баласыӨлшеулі өмір шамасы,Міне, сөз

Ерлік жыры

Дүния пәни болғалыӨтпеді кімдер заманнан,Хауа менен Адамнан?!Неше бір ерлер өтуліЕгескен жерден ар алған.Қазақ – Алшын – Байұлы,Сегіз арыс Адайдан.Рет-рет ер өттіҚарғытқан атын қамалдан.Жүйрік кемел би өттіСөзінен жұрты пәм алған.Қытаң заман тап болып,Уақытта мынау азайғанНайза ұстаған АдайдаЕр өткен жоқ Шабайдан.Бір азырақ айтайын,Айта алсам, парқын байқайын,Бердәулет пен Жоламан –Ер жүрияты шабаздан.Солардан ерлік көргелі,Хал-ауқат етіп біз жүрміз,Өлмессің бұрын қазаңнан.Тұсында болған белгіліТарғыннан асқан ерлігіҚалмақты қуған Шағаннан*,Ноғайлының елінд

Страницы