ВЕРНУТЬСЯ

Ақталу

Бұзылған дейді, жынды дейді, 

Ісімді көріп көп адам.

Еткенін алған мойнына

Менен дұрыс бар ма жан?!

Күндесін жұрт, қылсын өсек,

Мен лайық өсекке.

«Кірмей жігіт өсекке,

Кірмес, - деген,- есепке».

Ән - күй

Естілсе күй, салынса әнге шырқап, 

Тұра алмайды төзім ғып көңіл шыдап.

Жібіп жүре береді жәйіменен,

Оты сөнген ер жүрек қалған мұздап.

Қуаныш па, қайғы ма? Ойды шырмап,

Еркіне алып, өзіне  тартады ырғап.

Ішің - тысың елжіреп, ес өзгеріп,

Бар ойым бастан кешті көзім көріп (А. С. Пушкиннен)

Бар ойым бастан кешті көзім көріп, 

Көп қиял солғындады сәуле сөніп.

Жалғыз - ақ қалған нәрсе азап тарту,

Жемісі жалған ойдың  жүрген көніп.

Қар, боран қаптап соғып тағдыр залым,

Гүлденіп жарқыраған солды тәжім.

Жалғыздық, жабырқарлық тұрмыс түрі,

Бүгін, ертең

Жаздың алды, жас өмірім солады, 

Сарша тамыз, от жүрегім тоңады.

Көкірегімді кернеп кейде шыдатпай,

Бірдеңе деп сөйлегендей соғады.

«Жібершілеп» тасыр салған ой ма екен,

Немене екен, әлде жегі жей ме екен?

Сергек көңілім құлақ салып тыңдап ед,

Гүләндамға

Жаным, жаным, 

Гүләндамым,

Келші жақын, қарайын!

От жүректе,

Қалсын көпке,

Суретіңді салайын.

Қиғаш қасты,

Қолаң шашты,

Қия алмайтын мен ақын.

Жүрек ізгі,

Страницы