ВЕРНУТЬСЯ

Сәкен Сейфуллин туралы баллада

    Қайғы да бір жүректі өртер алау ма?

Жан жарасын болмайды екен жамауға!

Сәкен отыр салы суға кеткендей,

Көкірегі қарс айрылып қамауда.

Бұл
баллада кеңес кезінде «түзеліп-күзеліп» жарық көрген-ді.

Мынау електен қайта
өткен толықканды нұскасы (Автор).

Ғашығым
менің Бостандық,

Келді алдыма жарқылдап!

Сәкен.

Өр рухы, өзі өмір
сүргелі,

Бұзып шығып еді-ау талай түрмені!

Енді мынау кандалалы, бүргелі...

Қайда кеше Совнарком боп жүргені?!

Түк емес-ті түйсіксіздер үргені!..

Қабылдауда

   -          Қайтпайсың
ба, ауып кетті екінді?

-          Күтем әлі
айналғанша іңірге.

Әкіматта есіктер бар не түрлі...

-          Ашпадың ба?

-          Аша алмадым
бірін де.

-          Қызметіңді
болар ма екен білуге,

Атшымысыз?

-          Иә, әрине,
атшымыз.

-        Кірмейсің бе?

-        Рұқсат жоқ деп кіруге,

Жібермейді алдындағы хатшы қыз...

-        Мұндай қысың бұрын-соңды болмаған.

-        Қалаң анау ақ
түтекке оранған.

-        Балаң нешеу?

Ән әуенімен

{mosimage}

     «Барады көшіп
ауылың Келме көлге,

Келме көл алыс
дейді көрмегенге...»

Ол дағы тоқтап жатқан көлмек шығар,

Ойыма Жем түседі шөлдегенде.

Кептіріп аңызағы кенезені,

Тентек жел тепкілейтін терезені.

Құмығып құмға
құлап қалушы еді,

Каспийге бір жете алмай Жем өзені.

«Арнасы - бұлақ,
басы - Тең» секілді,

Тағдыры келмек
көлдің Жем секілді.

Өзім де өзеніме тартсам керек,

Суым да мөлдірейді мен секілді.

Қанатын қыстан
кейін құс қақпаған,

Қалқа бала

     Тапқан-ау сұлулыққа
дарқан ана,

Базардан бір қыз
көрдім - Қалқа бала.

Жүреді арба
сүйреп, қап көтеріп,

Жүк батып жүрекке де, арқаға да.

Апырай, кетіп қалмай
жай-жөніммен,

Тас жұтқан
тәуекелден тай жедім мен...

Арбалып арай көрдім,
карай бердім

Көркіне Қалқа
бала Ай көрінген.

Жайдары жымиғанда жайнап таңдай,

Күлкісі күміс құман қайнатқандай.

Ақанның
Ақтоқтысы секілденіп,

Торыны талға еріксіз байлатқандай.

Тапқан ғой
сұлулыққа дарқан ана,

Жоқтау

     Ер демеу сендей ұлды болар айып!

Еркіндік құн
туса деп, cop азайып,

Ақиқат алдаспанын сілтеуші едің,

Кайдасың, ақын Свет Оразаев?!

"Шындықтан жүрмесе де тауып пайда,

Бұл Свет арыстанша шауыпты Айға..."

Қарлы қыс Қарауылкелді калды-ау алыс,

Қара көз қарындасың Мауыт қайда?..

Айналып ел аузында ертегіге-ай,

Сапарың сарқылар ма келте бұлай?

Сен едің еркіндікпен егіз сері,

Секілді Сегізсері тентегім-ай!

Асығың түспесе де алшы күліп,

Жырыңды
егінші мен малшы біліп,

Страницы