ВЕРНУТЬСЯ

Ақпан

    Аязды, қарлы, боранды

Ақпанға ауыл оранды.

Құбан су,
құба құм жақта

Құлады
сорлы тораңғы.

Жүрген бір малшы жоқ қарап,

Жүрекке нұрын
дөп балап,

Кешегі жыршы ағашты

"Кесіп те кесіп отқа жақ!"

Үй-үйді басып жоғары,

Үйіріп боран соғады.

Үйір де үйір аш бөрі

Үстінде қойдың обалы.

Ақырған құйын-боранды

Ақпанға салдым қорамды.

Соқтырып түбі түтекке,

Сорқұдық
сорға оранды.

Мұндайда
шыдам, дәт те ерек,

Мыңқ етпес мықты мәрт керек.

Алма

   Көзін алмай жайсаңы да, қасқасы да,

Көңілдің көркейіп не таспасына!-

Мәскеу жақтан сирек бір мамандық ап,

Жас қыз
келді «Жазушы» баспасына.

Қол-аяғы
жұп-жұмыр балғадайын

Қолаң шашқа
сұқтанып қалды ағайым.

Екі шайнап, бір жұтып жіберердей

Албырайды Алма ару алмадайын.

Keп үміттің ішіне дерт ендіріп,

Жүріп жатты ер көңіл еркең күліп -

Мәкендердің
оятып ой-арманын,

Сәкендердің жүрегін өртендіріп.

Жүйткіп сулар жөнінше
жүлгеменен,

Онсан рет оранды гүлге белең...

Шабыт

      Тілекші менің қарағым,

Тірлігім қамын
жейсің де:

«Жаздың ба өлең жаңа бір,

Жағдайың қалай?» дейсің бе!

Итжеккен сапар түзеді

Италақаздың құмайы...

Жарылқар мені күз еді,

Жарытып жырға бір айы.

Жарқылдай алмай жанымен,

Жақсы
үміттерім дүр ұшып,

Суытып заман...

қалып ем

Бір уыс шал боп бүрісіп.

Қақаған
қыстың ішінде

Қандай жел екен көтерген?-

Өңімде және түсімде

Төгілтгі-ай нөсер төтеннен!

Береген, жомарт Тәңірім

Берейін десе, қиын ба?!

Іздемеу

    Көк аспанның күмбезіне Күн ілер

Көктем шақ жоқ, түн түсіпті түңілер...

Телефонмен өзі хабар бермесе,

Есенбайды іздемейді інілер.

Кейінгілер танымайды біздейді,

Сондықтан да тізіміне тізбейді.

Лауазымды балаларды ағалап,

Ақсақалдар атақ, дәулет іздейді.

Әлімсақта мектептесім (біледі!)

Әбең жаққа
қоныс тепті тілегі.

"Екі жас үлкен ағаңмын ғой" десем мен,

Ерсі көріп, трубкада күледі.

Бір жерлесім менсіз сұхбат құрады-ау,

Сұрайтыны - сыбыр-жыбыр, сірә, дау...

Күдер үзу

     Киік кеп паналайтын ақ қайынды -

"Жапанға жалғыз біткен тақ қайынды"

Отынға отағасы алып келіп,

Балтамен бастан шауып жақты айырды.

Тағдыр да салғыш екен көз қиығын

Тарығып іздегенге өз биігін.

Сәкеннің ақбөкенін аңшы жеді,

Қасқыр жеп Кекімбектің жезкиігін.

Сайларым, жазықтарым, биіктерім,

Иманым ұшып
тұр ғой иіп менің.

Құлдырап құба
түзде құстай ұшқан

Қалмапты бөкендерің, киіктерің!

Тамылжып тал басына таң қонбаса,

Талықсып тал түс дүние қалды, ондаша.

Страницы