ВЕРНУТЬСЯ

   Көзін алмай жайсаңы да, қасқасы да,

Көңілдің көркейіп не таспасына!-

Мәскеу жақтан сирек бір мамандық ап,

Жас қыз
келді «Жазушы» баспасына.

Қол-аяғы
жұп-жұмыр балғадайын

Қолаң шашқа
сұқтанып қалды ағайым.

Екі шайнап, бір жұтып жіберердей

Албырайды Алма ару алмадайын.

Keп үміттің ішіне дерт ендіріп,

Жүріп жатты ер көңіл еркең күліп -

Мәкендердің
оятып ой-арманын,

Сәкендердің жүрегін өртендіріп.

Жүйткіп сулар жөнінше
жүлгеменен,

Онсан рет оранды гүлге белең...

Сырлы аяқтан сыр кетіп, сыны қалған,

Сол Алманы мен қазір
күнде көрем.

Қызметші қыздарын қуырғанда,

Бұрынғы Алма еместей бүгінгі Алма.

Жайдарман жаз жас шағы жарқ етеді,

Ақ күлкімен сиректеу жымиғанда.