ВЕРНУТЬСЯ

      Көңілдің ерттеп
мініп көк дөненін,

Көргенім түсім емес, өң бе дедім.

Көкем-ау, мына кала Ақтөбе ме?

Көп ойдың көшесінде мен келемін.

Байсалдап Байсынтаудай бақ төбеде,

Байтөбет май жемейтін шақ келе ме?

Жас пенен кәрі өзгерген,
бәрі өзгерген,

Қай қала
мына қала, Ақтөбе ме?!

Жауына жай оғындай майдан берген -

Айналдым Әлиялы кайран жерден!

Жаңа төл, жас гүл-кұрақ жамырайды

Жасымда мен қозы-лақ жайған белден?!

Сауықтан саз
жетектеп, сайран мінген

Салтанат тарқайтынын
қайдан білгем...

Қаймана қара
қытай қаптап келіп,

Қатындык қыз
тандай ма «Айрангүлден»

Күнелткен айран тасып бақытсызға

Күнінде бас ауыртып жатыппыз ба!

Қытекең ат койыпты «Айрангүл» деп.

Қанып ап бақыр
тиын қатық қызға!

He деймін, не айтсам екен, не десем мен.

Кедейдің кұрыған соң кеңесі елмен?!

Шеп ауыл, сиыр ауыл баласы едім

Ержеткен айран ішіп жеңешемнен!

Қалған кім «айрангүлдер» обалына?

Жетер ме созсам даусым жоғарыға?

He деймін, не десем мен, не айтсам екен

Қам-зары қарын қамы қоғамыма?

Тарихтан таныс жыр ол саған, ақын,

(Құдайым аулак қылғай
жаманатын!)

Күң еткен бұрымдыңды табғаш еді-ау

Құлатып кек түркілер қағанатын!