ВЕРНУТЬСЯ

    Төрдегімен кеңестің,

Өрдегімен теңестің.

Өлермін-ау демессің,

Ел қатарлы емессің.

Қиын-қыстау өмірде

Қилы-қилы сапарда...

Тоқсың қазір көңілге,

Жоқсың біздің қатарда.

Кісіліктің беделін

Кресло беделі

Жеңіп шыққан сен едің,

Жүріп тұрған дегені.

Күбжіктеме бүкпелеп

Күндеріңді жердегі.

Күндейтұғын
түк те жоқ,

Бұл да Құдай бергені.

Қарайларсың күштіге,

Қайта жаман тон киіп -

Орынтағың үстіне

Отырса өзге қонжиып.

Тарығып та күлерсің

Табанға тас батарда...

Қара жерде жүрерсің,

Қайтып келіп қатарға!

Ал әзірше "өгей" боп,

Дүние деген қасап бар -

Ақша байлық көмейлеп,

Атақ-даңқ асап қал.