ВЕРНУТЬСЯ

    Іздеу саламыз! Іздеу саламыз!

Іздемеу, сірә, обал-ды.

Іздемей калай біздер қаламыз,

Әділет бізден жоғалды!

Қиянаттарда карасып еді,

Қиналтып кетті-ау төтеннен.

Алланың кенже баласы еді

Ақиқат
туын көтерген.

Азаттық
алып, азап ұшқанда,

(Аман-сау болғай деп тіле!)

Қарны ашып қайран Қазақстанға,

Әлде өзі
кашып кетті ме?

Жарқын
болашағы керемет еді

Жалғыздың кенет жоғалған.

Әнде айтылғандай, "неге кетеді?",

Қорлық көрді
ме қоғамнан?

Құткарар кім бар азаптан ұлын?!

Басына бір-ақ тепті де -

Қажеті жоқ
деп қазаққа мұның,

Қаныпезер ұрлап кетті ме?

Көңілден құлап
қалды да тіреу,

Көретін болды-ау ел қорлық.

Жекешелендіріп алды ма біреу?

Жеп қойды ма екен жемқорлык?!

Іздеу саламыз! Іздеу саламыз!

Іздемеу, сірә, обал-ды.

Іздемей калай біздер қаламыз,

Әділет бізден жоғалды!!!