ВЕРНУТЬСЯ

     (Арыстанғали
Ыбыраевты еске алу)

Айтқан кім
бұл дүние тар екен деп,

Білмеппін бір көруді зар етем деп.

Байғанин, Ақтөбеге барған сайын

Байытар ақ
пейілге Арекем жоқ!

Құт көрген фотограф Құлтан елі

Сұңғыла сұлулықта сұлтан еді.

Ардақты адамдықтың
мандайына

Арекем арай-арай нұр таң еді.

Арайын саған жайды, маған жайды,

Ағайын, бірге туған ағамдай-ды.

«Шықпайды
екі Кенен ексең жерге»,

Еш ана екі Арекең таба алмайды!

Арының ақ
маңдайы тұнық таңдай

Азамат қасиет
тұтқан ғұрып қандай!

Түбі - ойран, басы - сайран сұм жалғанда

Ойлаушы ем мың жасар деп Ұлықпандай!

Қоймастан ажал-мерген тосып алды,

Қоңырайып Қособада қосы қалды...

...Алматы... Ұзынағаш
ауылында

Курстас Көшербайдай досы бар-ды.

Қонақ боп
жетейік деп қонағада,

Бір күні тартып кеттік сол ағаға.

Ақ Қажек
екеуіміз де студентпіз,

Арыған ашқұрсақтау
бола-бола...

Күн алтын шатырына кіріп еді...

(Бұл жерде танымайды бірі мені)

Керемет той жасады ер Көшербай,

Келді деп жан досымның інілері!..

Арекем беделді еді-ау алты алашқа,

Амал жоқ дүние
- базар тарқамасқа.

Кеш біліп жатамыз ғой жақсы қадірін,

Жанығып тұрмыс
дейтін жанталаста.

Баянды болып еді пәни қашан,

Алмасып айсыз түн мен дариға таң...

Шаңырағына Арекемнің тіреу болып,

Алыста аман жүргей Қарылға апам!