ВЕРНУТЬСЯ

     (Осы заман жырауының термесі)

Заман азып не қашсын,

Күн
орнынан шығады,

Ай орнынан туады,

Мұның бәрі
адамнан!

Мөңкеұлы Мұрат
жырау.

Ағаш едің құрма өскен,

Ұршық болдың шуда ескен.

Қайтсе оңалар, айт емін,

Қазақ
халі, қарағым?

Қапаланбай қайтемін,

Қалса құрып
амалың.

Жай жатуға қойсын
ба

Жайдақ,
шардақ шабаның.

Жабы сатқын
күнде озды

Жалап билік табанын.

Жарылқаған
уақыт-ай

Жамау-жасқау
наданын!

Қазағыңды қайтеді

Қарны жуан қабаның.

Шәңгерей ақын.

Тарихыңды
сөйлесең,

Tapс
айырар талағын!

Ежелден күткен ел едік

Еркіндіктің
самалын.

Жайдары жаз болар ма

Жарқыратар
қабағын

Даладағы Ауылдың,

Қаладағы Даланың?!

Сандалары осы тұс

Сансыраған сананың.

Әділетке кім бастар

Жамағат көп жаранын,

Қара қылын
қақ жарып

Ақ іс пенен қаранын?

Күніге қырық
күйлейді

Күңіренгіш жаманың,

Азан-жарын шақырып,

Азды дейді заманым.

«Күн орнынан шығады

Ай орнынан туады».

Айдың күні адасып,

Азды емес пе адамың?!

Жоқты
кімнен сұраймын,

Жақсыны қайдан
табамын?

Жұртқа тұлға ағаның

Жұрқасынан
жау жыртып,

Жұлқиды ит
балағын.

«Көрсеқызар
жалмауыз,

Алты бақан
алауыз» -

Айтқанының бәрі рас

Абайдайын дананың.

Діл мен тілім кесілген,

Дар арқаны есілген,

Далақтап
бос шабамын.

Шіріп балық
басынан,

Шет-шегі жоқ наланың!

Деміл-деміл АҚШ тұр

Демеймін деп қазақтың

Демократия дарағын.

Жарылқамсып
Ресей

Жаман қару-жарағын,

Алып жетті
Қытай да

Айнасы мен тарағын...

Дерт құлқыны іріп кіл,

Дендеп кеткен шірік бір

Демі құрып
саудаға,

Десең: «Басың біріктір!»

Дін мұсылман баласы

Діні жатқа
кіріп тұр.

«Демократ» миссионер

Дегендері жүріп
тұр.

Мырза менен мырық тұр,

Семіз бен арық-тұрық тұр.

Құртам деп
жерің байлығын,

Құрыққа
жалғап сырық тұр.

Құр қалдырып
үлестен,

Құлқыныңнан
жырып тұр.

Қырмызы гүлің соларға

Қылымсып... ақша «қырып» тұр.

Тәуелсіздікке жетіп ең

Тауға да басың ұрып бір,

Тасқа да
басың ұрып бір!

Қор болмас енді демеймін,

Қолыңнан сусып ырық түр.

Алшая басып ақшалы,

Адыра қалды
шақшалы.

Арамнан адал қақсады,

Ар аяқтан
ақсады.

Көлігі күйлі кәпірдің

Коттеджді де бақшалы.

Қара қытай
қаптап кеп,

Ашып-жапты жақшаны.

Қорлық өтпес бастамаң

Қолдау таппай тұншықты.

Айқарып есік тастаған

«Ашық коғам»
- бұл шықты!

Қылғытады айырмай

Қылау
менен қылшықты.

Бұралқы боп ұл
кетті,

Әкесі көзжас ыршытты.

Қырмызы ана басына

Қыз бала салды қырсықты.

Пайғамбар айткан ұят деп

Иманның жаны түршікті!

Кәудірлетіп кәпірді,

Шүлдірлетіп шүршітті,

Дөнгелетті
ақшалы

Дүние деген ұршықты.

Риза болың, әлеумет,

Осындай бізден жыр шықты.