ВЕРНУТЬСЯ

    Сабау қамшы, салт тірлік, басы аман-ды,

Аузына бір алмайды Жасағанды.

Орыс тілін қазаққа
оқытумен

Шал болуға айналды - шашы ағарды.

Босаң сезім пенде емес боска құмар,

Ұстаздығын
ел білер, дос-жар ұғар.

Шала қазақ
көбейсе шамадан тыс,

Қомақты үлес өзінше қосқаны бар.

«Керек қой,- деп,- атақ пен ақша маған!»

Аталастың алдында кақсамаған...

Санда бар да, қазақтық санатта жоқ,

Санақ
бірақ, қайтсе де, жақсы-ақ адам!

Дастан

Шың тасында шаңқылдап
бала қыран,

Жанғыртқандай «аттандап!» даланы ұран:

Алдаспанын ойнатып қарт Бөгембай

Алыс ғасыр айқасы алаңынан.

Tapс
айрылып дүние талағынан,

Қар жаудырды жоңғарға қабағынан -

Көксерке атын борбайлап Ер Қабанбай,

Айғай салып Абылай заманынан!