ВЕРНУТЬСЯ

{mosimage}

     «Барады көшіп
ауылың Келме көлге,

Келме көл алыс
дейді көрмегенге...»

Ол дағы тоқтап жатқан көлмек шығар,

Ойыма Жем түседі шөлдегенде.

Кептіріп аңызағы кенезені,

Тентек жел тепкілейтін терезені.

Құмығып құмға
құлап қалушы еді,

Каспийге бір жете алмай Жем өзені.

«Арнасы - бұлақ,
басы - Тең» секілді,

Тағдыры келмек
көлдің Жем секілді.

Өзім де өзеніме тартсам керек,

Суым да мөлдірейді мен секілді.

Қанатын қыстан
кейін құс қақпаған,

Күркірі күндік жерді пұшпақтаған...

Бәрібір Каспийіне жетпейді Жем,

Абайға жете алмайтын ұқсап маған!